Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Болашақтағы» кикілжің неден басталды?

Оның айтуынша, “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ президенті Жанболат Мелдешов сол зерттеуді негізге ала отырып, “Болашақ” бағдарламасын жаңғыртуды қолға алған. “Бұл – аяқ астынан қолға алынған бастама емес, нақты зерттеудің нәтижесі. Енді, бас кезінде “Болашақ” бағдарламасының кейбір тетіктері орынды болған шығар. Алайда қазіргі кезде ол меxанизмдер ескірді. Соның бәрін өзгерту керек. Жаңа басшылықтың мақсаты да сол”, – деп атап көрсетті Тілеубергенов.

Осы орайда жоба жетекшісі “Болашақ” орталығында тек стипендия түлектері ғана жұмыс істейді” деген таптаурын бір түсініктен арылуға үндеді. Себебі орталық қызметкерлері ішінде шетелде оқымаған адамдар да бар. Ал “Болашақ” бағдарламасын жаңғырту жұмыстары кезінде тіл мен біліктілікке тиісті талаптар қойыла бастады. Жаңа басшының үстінен шағым жазғандар сол талаптардың үдесінен шықпай қалуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бір топ қызметкері орталық басшысы Жанболат Мелдешовтің тарапынан заңға қайшы әрекет жасалғаны және дөрекілік танытқаны үшін шағымданған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында сол жиналыстың видеосы да жарияланды. ҚР Білім және ғылым министрлігі орталық қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізетіндігін мәлімдеді. Тексеріс нәтижелері анықталғанша  “ХБО” Президенті Жанболат Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді. Осыдан кейін Мелдешов орталықтың қызметкерлері тарапынан өз атына айтылған айыптауларға қатысты пікір білдірген болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз