Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Болашаққа – нық сеніммен. Сыр өңірінде жастар форумы өтті

«Үстіміздегі жылы облыстағы 6000 мектеп түлектерінің 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Біз үшін 97 пайыз –

бұл білім саласының жетістігі, балаларымыздың жарқын болашағы ғана емес, олардың маргинал жастар қатарын толықтырмайтынына, өмірде өз орнын табатынына деген сенімділік”,

– деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Сонымен қатар, пленарлық отырыста саясаткер Айдос Сарым, Халықаралық ақпараттық технология университетінің проректоры Раиса Өскенбаева және “Инновациялық технология Паркі” автономды-кластер қорының басқарушы директоры Әлжан Бірәлиев қатысып, өз пікірлерін айтты.

Форум аясында “ХХІ жаңа шақыртулары” және “Қоғамдық ой-сананы жаңғырту” секция отырыстарына спикер ретінде облыстағы жаңа технология және әлеуметтік саланың сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, Форум делегаттары аймақтың Жастар ресурстық орталығын көріп, жұмысымен танысты.

Атап айтарлығы, облыстық Жастар ресурстық орталығы жобалық басқару жүйесімен жұмыс істейді. Жыл басынан бері мемлекеттік шығынсыз 12 бағыт бойынша жобалар жүзеге асуда.

Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, онда коворкинг-орталық, психолог кабинеті, түрлі спорт секциялары ашылған. Сонымен қатар, орталықта ағылшын тілі, компьютер және құқықтық сауаттылық, бейнетаспагер курстары бар. Бүгінде 300-ден астам жас қосымша даярлық курсын бітірді.

Келер жылы Сырдарияның сол жағалауынан “Жастарға қызмет көрсету орталығы” пайдалануға беріледі.

Форум аясында Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қазақстанның 7 өңірінен келген командалардың қатысуымен облыс әкімінің Кубогына арналған республикалық “Жайдарман” ойыны өтті. Қызылорда ойыншылары алғашқы үштікке енді (“Қызылорда” командасы, 3 орын), Ақтөбе (“Фемида”, 2 орын) және Батыс Қазақстан (“Грант”, Орал қ., 1 орын).

Тағы бір назар аударарлық жәйт, 2013 жылдан облыста дарынды жастар мен тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларының балаларына аймақ басшысының арнайы білім гранттары беріліп келеді. Бүгінде оны 694 түлек иеленді. Сонымен қатар, “Серпін” бағдарламасы бойынша  4 мың қызылордалық жас білім алуда.

Сондай-ақ облыстың 452 мектеп түлегі Ресей Үкіметінің жетекші техникалық оқу орындарының гранттарына қол жеткізді. Келер жылы 76 жас  оқуын бітіреді. Олардың жұмысқа орналасуы бойынша мәселе туындамайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз