Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Боққа шыланып…». Қызылордада ескі үй тұрғындары нәжістің астында қалмақ (видео)

Теңіз емес, қоқыс ортасында қалған «Титаникте» өлместің күнін кешудеміз деп ашынады тұрғындар. Соның кесірінен, бірнеше жылдан бері балаларымыз қаптаған әжетханалар мен қоқыс арасында ойнап өсіп келеді дейді тұрғындар. Иісіне жаз бойы өздері тұншығатындарын айтады.

https://kaz.365info.kz/tagy-da-su-taskhyny-shkho-da-bir-taulik-ishinde-19-yj-men-6-kosheni-su-alyp-ketti-307538

– Қиыншылық қыстан кейін басталады, балаларға далаға шығу керек, ал мына жердің бәрі лас, қоқыс, – дейді ашынған тұрғынндардың бірі Сандуғаш Ратова.

Күйі кеткен көпқабатты үйдің әжетханадан бөлек қордаланған мәселелері жетіп артылады екен. Мәселен, әбден ескірген үйдің төбесінде үгіліп жатқан тастар жел күшімен жерге жиі құлайтын көрінеді. Сондықтан «төбемізге тас түсе ме» деп алаңдайтын тұрғындар, желді күндері сыртқа шығуға қорқатындарын айтады.

Ал шенділер болса,

«кәріз жүйесі үйдің тұрғындарының қарызы көптігіне байланысты осыдан 22 жыл бұрын ажыратылған»

дейді.

https://kaz.365info.kz/su-taskhyny-11-oblysta-dabyldy-eskertu-zhariyalandy-309712

Содан бері әжетхана қиындығын тартып келе жатқан көпшілікке тек қайта жаңғырту жұмыстары көмектесетінін алға тартады.

– Күрделі жөндеу жүргізу үшін, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бірақ бұл жерде анықталып отырған нәрсе, әрбір пәтер иесінің заңды құжаттарының болмауында. Талапқа сәйкес, әрбір пәтер иесінің техникалық төлқұжаттары болуы қажет, – дейді Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары  Біржан Далабаев.

Шенділер сөзіне сенсек, мәселенің шешілуіне 20 жылдан аса кедергі болған мұнда тұратын бірнеше отбасының құжаттарының дұрыс еместігі. Ал құрғақ жерде қоқысқа батқан «титаниктің» тұрғындары ел қатарлы өмір сүргілері келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз