Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер өліммен аяқталған оқиғаны тергеуге алды.
Бұл туралы Алматы қалалық ІІД хабарлайды.
ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің сөзіне сенсек, автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні байқамай, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кеткен. Салдарынан 41 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып, өлтіріп қойды.
Еске сала кетейік оқыс оқиға бүгін таңертең Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алды.
Дерек көз:Stan.kz.