Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
17
USD
520
0.00
EUR
612
0.00
RUB
6.6
0.00

БҚО мен ҚХР: Бейжіңде бірқатар стратегиялық меморандумға қол қойылды

ҚХР астанасында медицина, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және газ-химия салаларын қамтитын бес меморандумға қол қойылды:

🔹 «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум – медициналық инфрақұрылымды дамытуға және денсаулық сақтау саласында технологияларды бейімдеуге бағытталған.

🔹 «Yino» халықаралық компаниясымен (Гонконг) меморандум – өнеркәсіп секторында және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

🔹 Vega Power компаниясымен меморандум – энергетикалық серіктестік және баламалы энергия көздерін енгізу мәселелерін қамтиды.

🔹 Sunway Concept Limited- пен өзара түсіністік туралы меморандум тұрғын үй құрылысын дамытуға және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

🔹 Foshan City Construction Engineering Co., Ltd. және «Zhaik Petroleum LTD» компанияларымен үшжақты меморандум – БҚО аумағында метанол өндіретін зауыт салу туралы.

🔹 Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, CHN Energy International Development Co., Limited  және «Батыс Пауэр» ЖШС арасындағы ГТЭС-200 «Орал» станциясын кеңейту жобасын іске асыру бойынша жол картасы

Нариман Төреғалиев ҚХР өңірдің негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Қол қойылған құжаттар инвестициялардың өсуіне, жұмыс орындарының ашылуына және Батыс Қазақстанның өндірістік әлеуетін дамытуға ықпал ететін жаңа жобаларға бастама береді.

«Президенттің қолдауы, Үкіметтің жүйелі жұмысы және өңірдің ашықтығы бізге жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялық жобаларды сенімді түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қол қойылған меморандумдар – бұл өзара іс – қимылдың нақты нәтижесі», – деп атап өтті Н. Төреғалиев.

Әр бағыт бойынша салалық ведомстволар мен инвесторлардың қатысуымен жеке іс-қимыл жоспары әзірленетін болады. Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Қытай халық республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз