Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды

122

Ал Зеленовка ауданының Янайкин кентінде төрт үйдің шаруа ғимараты мен өткен жылдан қалған шөп өртеніп кеткен. Ауланы тазартып, қоқыстарды өртеп жүрген тұрғын қатты желді ескермеген. Ауыл әкімі Исатай Мұғалбаевтың сөзіне қарағанда, келтірілген шығын есептелуде.

Орал қаласының көшелерінде бағдаршамдар, ағаштар мен жарнама тақтасы құлады. Сондай-ақ Орал-Атырау  тас жолында «Орал» сөзіндегі екі әріпті жел ұшырып әкетті. Қатты желдің салдарынан қаланың кейбір аудандарында жарық болмады, бірақ кейінірек қосылды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі осындай істер туралы деректердің жүйеленгенін хабарлады.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Айтиев көшесінің бойында орналасқан орталық базар алаңында қатты желден ашылған қақпа қыздың басына тиген. Сағат 15: 48-те жедел жәрдемге қоңырау келіп түскен. Басынан жарақат алған 2008 жылы туылған қыз қаланың көпфункционалды ауруханасына жеткізілді. Кейінірек қыз үйіге жіберілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз