Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

БҚО-да «Келешек мектептер» жобасы аясындағы құрылыс жұмыстары қарқын алды

Одан кейін Нариман Төреғалиев Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс және Достық ауылдарында болды. Мұнда 600 және 1200 орындық заманауи мектептер бой көтеруде. Бұл нысандар оқушы санының артуын ескеріп және қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайту мақсатында салынуда.

Сапар қорытындысында облыс әкімі мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды және жауапты мекемелерге бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды жүктеді.

«Біз заманауи мектептер салу бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұл – өңірдің болашағына, балаларымыздың сапалы білім алуына салынған инвестиция. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір мектеп тек ғимарат қана емес, білімнің, шығармашылықтың және тәрбиенің орталығы болуы тиіс екенін ерекше атап өтеді. Сондықтан біз жұмыстардың сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімдер үшін барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек», – деді өңір басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз