Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бизнесмендер экспорттық квотаға қатысты шығарған бұйрығы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігін сотқа берді

144
Әділбек Бектібаев

Ауыл шаруашылығы министрлігі дау тудырған бұйрықты 2 сәуірде Қазақстанда карантинге байланысты астық пен көкөніс экспортына шектеулер қойылған кезде шығарды. Көп ұзамай ведомство атына сын айтылды. Көптеген адам экспорттық квоталарды бөлу бойынша өз функцияларын қоғамдық ұйымдардың квартетіне — Астық одағы, астық өңдеушілер одағы, Май және Қазақстанның Картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер Одағына аударды деген пікір білдірді. Оларға ауыл шаруашылығы министрлігінің берген тапсырысымен экспортқа шығарылатын өтінімдерді қабылдап,  тексеру өкілеттілігі де табысталды.

Кейбір

квотаға қол жеткізе алмағандар Қасым-Жомарт Тоқаевтың араласуын өтінді

Екі айдан кейін, атап айтқанда 1 маусымнан бастап ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл оғаш бұйрығының күшін жойды. Алайда, бизнесмендер пайдадан құр қалып,  құқықтарының бұзылғаны үшін мемлекеттік орган жауап беруі тиіс деп санайды.

Өңдеу өнеркәсібі одағының атқарушы директоры Әділбек Бектібаев Facebook-тегі парақшасында кәсіпкерлер тобының сотта өз құқықтарын қорғауға қатысты жоспарлары туралы жазды. Ол 365info медиапорталына осы қақтығыстың тарихын егжей-тегжейлі айтып берді.

Функциялары бар, жауапкершілігі жоқ

— Сіздер қарсы шыққан бұйрықтың қандай да бір теріс салдары болды ма?

Бұл бұйрықтың алдында халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы Үкімет атына жолданған Президент Жарлығы шықты. Жарлықты орындай отырып, Үкімет уәкілетті органдарға ережесі және өзге де бөлшектері бар нормативтік актілер шығаруға өкім етті. Ауыл шаруашылығы министрлігі астық, картоп, ұн және басқа да тауар позицияларына квота белгіледі.

Қазір бізді астық экспорты мәселесі қызықтырады. Себебі мемлекеттік орган өз бұйрығымен төрт қоғамдық бірлестікті өтінімдерді қабылдау, оларды тексеру және квоталарды бөлу жөніндегі уәкілетті органдар ретінде тағайындады

Нәтижесінде біз неге қол жеткіздік? Қазақстанның Астық одағы сәуір айында осы одаққа мүше ұйымдарға квотаның  78%-ын берді

Кейбір экспорттаушыларға берілген квота көлемінің төмен болғаны сонша, олар одан бас тартуға мәжбүр болды. Ал басқалары тіпті өтінім де бере алмады.

Жағдай былай болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі коммерциялық емес құрылымдарға өкілеттілік берді. Сондай-ақ олар ешкімнің алдында жауапты емес. Қазақстанның бірде-бір Заңында коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік органның өкілеттігі берілетін норма жоқ.

— Ведомствадағылар мұны білмейді ме сонда?

Сотта сұраймыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жағдайда коммерциялық емес ұйымдар осы бұйрық бойынша мемлекетке қызмет көрсететінін дәлелдеуге тырысады. Бұл заңға қайшы келмейді. Бірақ квоталарды бөлу және нарық ережелерін белгілеу бұл қызмет емес, бұл мемлекеттік функция. Ол ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітілген функция. Бұл сауда қызметін реттеу туралы заңда нақты жазылған.

Біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне  осы бұйрық бойынша сұрау салдық.

Бұл шешім «сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін, сондай-ақ бизнестің бизнеспен жұмыс істеуі үшін қабылданды» деп жауап берді

нәтижесінде бизнеске қатысы жоқ ұйым «өз бизнесіне» квотаның үштен екі бөлігін беріп, бизнестің құқығын бұзып отыр.

Сондықтан қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік өкілдік берген ауыл шаруашылығының бұл әрекеті қате болды.

Уақыт бәрін көрсетті

— Мүмкін Астық одағының үштен екісі талаптар мен ережелерге сай келген шығар?

Қалай тексеруге болады? Олар мемлекеттік орган емес, біз оны талап ете алмаймыз. Бірнеше компаниялардың нақты шағымдарын ескерсек, квоталарды бөлу әділетті болмаған. Мысалы, экспортшы өтінім берсе де,  оны сәйкес келмейді деген сытаумен қабылдамайды. Одақтың осы іс-әрекетінің заңдылығын сотта ғана түсінуге болады.

Шешім қабылданғанда, мәселе өзектілігін жоғалтады. Экспорттаушы бұрынғы уақытқа қайта оралып, өзінің квотасын ала алмайды ғой

Бұл тақырыпқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті де тартуды ойлап отырмыз. Көптеген бұзушылықтар белгілі болуда, бірақ әзірге менің атыма айып тақпас үшін олар туралы айтпаймын.

Бұйрықтың күші жойылды, бірақ салдары қалды

— Қанша экспорттаушы құқығының бұзылғанын мәлімдеді?

—Қазіргі кезде нақты санын анықтап жатырмыз. Бірақ бірнеше компания өздері туралы мәлімдеді. Сот басталғанға дейін барлық талдама дайын болады.

— Өздерінің міндетін басқаға жүктейтіндей шенеуніктердің жұмысы соншалықты көп пе? Бұл әрекеттерінің қандай да бір себебі болуы керек қой.

— Егер олар өздері орындай алмайтын жұмысты мойнына алмасын. Маған мұндай сілтеменің мәні түсініксіз. Бұл мәселеде тек министрлікке өкілеттілік берілген. Болды. Егер бұл өкілеттілігінен құтылғысы келсе, заңға өзгеріс енгізу керек. 

— Одақтар қандай мерзімге өкілеттілік алды?

— 1 қыркүйекке дейін, алайда біз 14 мамыр күні шу көтеріп, ал кейбір бизнесмендер президенттің атына хат жолдағаннан кейін, министрлік 1 маусымдағы бұйрығының күшін жоятын тағы бір бұйрық шығарды.

Бірақ оның күшін жоққа шығарғаннан еш пайда жоқ. Мемлекеттің функцияларын коммерциялық емес ұйымдарға беру фактісі болды, олар екі ай бойы оны пайдаланды

Кейбір кәсіпкерлік субъектілері бұдан жапа шекті. Пайдаларынан айырылды, бұл туралы сотта сөйлесетін боламыз. Өте күрделі тақырып.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз