Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бизнеске арналған локдаун ба, әлде нокдаун ба?

189
Сурет: AP Photo / CDC

Бірақ бәрі емес, бір бөлігі ғана. Ресми статистикаға сәйкес, 2020 жылдың 1 тоқсанындағы жағдай бойынша әр төртінші ЖК, ал бұл 300 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі өз қызметін тоқтатты. Бүгінгі күні олардың қаншасы толығымен жабылды және қанша «жаңадан» ашылғаны туралы статистикалық мәлімет жоқ. Біздің уәкілетті органдар ашық ақпараттық кеңістікте «нашар» сандармен бөліскенді ұнатпайды… Қиын жағдайға тап болған дүкендердің, мейрамханалардың, сервис-орталықтардың және бизнестің басқа да субъектілерінің нақты саны туралы болжам жасай ғана аламыз.

«Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін үкімет қабылдаған шаралардың барлығы»  жағдайға қарай «икемделгіш» шағын және орта компаниялардың санын көбейтеді. Осындай «шаралардың» қатарына ТЖ режимін енгізу, сондай-ақ барлығы жар салған карантиндік демалыс және бөлшек сауда субъектілері мен қызмет көрсету саласына қатысты шектеуді атауға болады.

Коронавирупен күрес бойынша соңғы енгізілген жаңашылдықты, демалыс күндері енгізілген карантинді алайық

Дүкендердің, қоғамдық тамақтанудың, салондардың және басқа да ШОБ субъектілерінің жұмысы қалай және қандай дәрежеде эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер етуі мүмкін, әрбір ең кішкентай дүкенде қолды зарарсыздандыруға арналған құрал бар, дүкендерге көп адамның кіруіне шектеу қойылған және үй-жайдың ішінде медициналық маскасыз жүруге тыйым салынды емес пе?

Бүгінде әрбір кәсіп иесі, сатушы, кеңесші сатып алушыны маска, қолғап киіп және қашықтықты сақтай отырып қарсы алады. Осы қорғаныс шараларының барлығын бизнес иесі өз күшімен және өз есебінен қамтамасыз етеді! Ал автобустар адамға лық толы,  зертханалардың алдында COVID-19-ға тест тапсыратындар ұзын-сонар кезекте тұр, дәріханалардың алдында да ешкім кезек сақтап тұрған жоқ, ауруханадан орын таппай жүргендер қаншама. Яғни мемлекет инфекцияның таралуын тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдамай отыр!

Кезекті локдаун бизнес үшін нокдаун ғана емес нокаут болуы мүмкін. Мәселен Fashion Park дүкендері (қазақстандық дизайнерлердің дүкендер желісінде) компания желілері мен қызметкерлерді қысқарту туралы ойластырып отыр.

Мемлекет қатаң карантин енгізу туралы шешім қабылдай отырып, бизнесті жұмыс істеуге мүмкіндік беретін соңғы қаражаттан айырады. Неліктен  биліктің қателігі үшін адамдар жұмысын жоғалтып, жапа шегуі керек?

Біз сәуір айы мен мамыр айының бір бөлігінде карантин талаптарын сақтап отырдық, мемлекеттік органдар неліктен оқиғаның дамытуының түрлі жолдарын ескермеді және алдын ала дайындалмады? Неліктен Денсаулық сақтау министрі бізді қорқынышты сандармен қорқытады. Не себепті екі ай бұрын алдын ала болжам жасап, уақытында қажетті тест, препараттарды сатып алып, қосымша орындар мен колл орталықтарды ашу туралы ойланбады?

Күзде болады деп  болжанған коронавирустың екінші толқыны бізде қазір өтіп жатыр. Бұл жолы қанша кәсіпорынның мәңгілікке жабылатынын елестету қорқынышты. Барлық қорлар таусылды, жалақыны төлейтін ақша жоқ. Коронавирус инфекциясының екінші толқынының әсерін төмендететін жанама шаралармен айналысатын уақыт емес, тікелей іске көшу керек.

Ауруханалардағы барлық науқастарға орын бөліп, дәрі-дәрмектердің дәріханаларға уақтылы түсуін қадағалап, дәрі-дәрмектердегі баға алыпсатарлығының алдын алған жөн! Адамдар парацетамол алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр, ал қазір оларды табу тіпті мүмкін емес! Жедел жәрдемге қоңырау шалып, хабараласу қиынның қиыны (!) Халықтың өтініштеріне жедел әрекет етіп,  түйткілді сұрақтар бойынша кеңес беруге арналған мамандандырылған колл-орталықтар да үнсіз, оларға қоңырау шалу мүмкін емес!

Локдаун шағын бизнесті біржола тығырыққа тірейді

Тағы да барлығы жеңіліс тапты – турфирмалар Қазақстан ішіндегі демалыс үйлеріне жолдама ала бастаған еді, қуаныш ұзаққа созылмады. Локдаун өз нәтижесін көрсетеді, бәрі өз қалаларынан/облыстарынан шықпай  отырады. Бірақ қазір  турфирмалар ғана емес, қарапайым тұтынушылар да шығынға ұшырайды. Қазақстанның басқа өңірінде демалу үшін жолдама сатып алғандар не істейді, енді оны пайдалана алма ма? Бұл мәселе де біздің мемлекетке қойылған, жауабы жоқ басқа сұрақтардың қатарына енетін секілді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз