Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
508
-3.52
EUR
573
-6.38
RUB
6.37
0.00

«Біздің жаққа екі рет оқ атылды»: Шерзат Полат ісі бойынша екінші куәгер сотта сөз сөйледі

Прокурордың сұрағына жауап бере отырып, Дана Жақсыгелді кафеде («Эйфория») отырған соң, таныстарымен бірге «Қамажай» дүкеніне келгенде, дүкен маңында алты-жеті жігіттің тұрғанын айтты. Сондай-ақ ол төбелесті нақты кім бастағанын көрмегенін жеткізді.

«Бізге мылтықтан оқ атылған соң, төбелес мүлде көшенің арғы бетіне ауысты. Дүкеннің артындағы көшеге, үйлердің арасына. Ал мен сол кезде көліктің жанында тұрған едім. Көлікке отырдым да, сонда қалдым. Бес минуттай отырып, қайта шықтым. Екі-үш метр жүріп барып: “Жігіттер, қайтайық!” деп айғайладым. Бірақ ешкім мені естімеді. Содан көлікке қайтып келіп, қайта отырдым. Күттім», — деді Дана Жақсыгелді.

Дананың айтуынша, мылтық атылған соң ол өз өмірі үшін қатты қорыққан. Прокурор оған «Неліктен 102-ге немесе жедел жәрдемге хабарласпадыңыз?» деген сұрақ қойған кезде, куәгер былай жауап берді:

«Ондай ой басыма келген жоқ. Бір жағынан, өмірімде алғаш рет мылтық көрдім. Алғаш рет оқтың атылғанын естідім. Сондықтан қорқып, көліктен шықпай отырдым. Өмірім үшін қорықтым».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз