Түнеукүні туризм тақырыбын талқыладық.
Туризмді дамытқың келсе, дәретханаңды түзе. Көрінген жерге рухани жаңғыруды тықпалаудың қажеті жоқ.
Одан да сол плакаттарға жұмсалған ақшаны жиіркенбей отыруға болатын тегін, таза, жылы туалет салуға бағытта.
Қайтымы болады қайткен күнде. Сәбет үкіметінің сарқыншағы іспеттес әлгіндей дәретханалар шетелдік туристің түсіне кірмес үшін олардан тез арада арылу керек.
Солай дейді Сейсембаев. Солай екені рас.
Қытайда туалет төңкерісі болғанын білесіз бе? 2015 жылы 3 млрд доллар бөлініп, күллі ел көлемінде 68 мың заманауи дәретхана салыныпты. Қытай билігі мұны азсынып отыр. 2020 жылға дейін тағы 47 мың туалет жергілікті халық пен туристердің игілігіне беріледі. Бәлкім, бізге де дәл осындай туалет төңкерісі қажет шығар.
Марғұлан Сейсембаев,
Дереккөз: Dalanews.kz сайтынан ықшамдалып алынды