Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кейбір шенеу­ніктерімізге қара­пайымдылық, адами қарым-қатынастар жетпей жатады — Тоқаев

264
Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Айқын» және «Егемен Қазақстан» газеттеріне сұхбат беріп, көкейкесті мәселелерді қозғады.

Сұхбатында Президент әкімдердің есеп беру форма­тының ескіргені, баяндамаларының жадағай цифрларға құрылатыны халықты шын мәнінде жалықтырғанын және жұртшылықтың сеніміне селкеу түсіретінін айтты.

“Байқасаңыздар, біздің кейбір шенеу­ніктерімізге жетпей жататыны – қара­пайымдылық, адами қарым-қатынастар. “Әкім бол – халқыңа жақын бол” деп халық бекер айтпайды. Оларға осы сөз бойтұмар болуы тиіс. Ал біздің шенеуніктер халықпен ка­бинетінің немесе қызметтік көлігінің тере­зесінен ғана араласқанды қош көретіндей. Әкімдерді жинаған кеңесте мен бұл әдетті тыюды қатаң ескерттім”, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол ха­лықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс жасау маңызды екенін айтты. Бұл үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу, жүргізіліп отырған саясатты жеріне жеткізе түсіндіру де өте қажет нәрсе.

“Халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникациялық құралдарды пайдалана білген жөн. Сонымен бірге, кері байланыс ор­натудың пайдасы зор. Өкінішке қарай, халықпен төте байланыс барлық жерде бірдей емес, байланыс орталықтары еліміздегі 17 әкімдіктің тек төртеуінде, ал мобильді халықтық бақылау 7 өңірде ғана бар. Мұндай жағдайда атқарушы билік елдің мұң-мұқтажына дер кезінде жауап қата алмайды. Осы уақытқа дейінгі оңтайлы реформа­лардың бәрі жергілікті жерлерге келіп тіреледі. Егер халықпен қоян-қолтық жұмыс атқаратын болса, әкімдіктер көптеген өзекті мәселені тиісті дең­гейде тез шеше алады. Бұл аза­мат­тардың билік институтына деген сенімін арттырады”, – деген ол өңір әкімдерінің халықпен есептік кездесулерде ғана емес, тұрақты негізде кездесіп, барлық елдімекенді аралауға тиіс екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, әрбір шенеунік жүргізіліп жатқан реформалардың, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың мән-мақсатын халыққа нақты әрі ұғынықты жеткізе білуі тиіс.

Ел басшысының айтуынша, шенеуніктердің бір осалдығы – халықпен қалай сөйлесу қажеттігін білмеуі. Сондықтан Мемлекеттік басқару академиясының базасында арнаулы курстар ашып, оларға халықпен белсенді қарым-қатынас жасайтын шенеуніктерді оқытуды тапсырған.

“Әкімдерге халықпен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуді, ашық және шұғыл әрекет етуді тапсырдым. Бұл аудандардан бастап об­лысқа дейінгі барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты. Олардың халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы, жағдайды толыққанды білуі, мәселені жедел шешуі – басты міндет”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз