Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Біздің елімізде революция өткізгісі келеді, бірақ оның ешкімге қажеті жоқ

505
Болат Сұлтанов

Кез келген «азаматтық бүліктің» нәтижесі төмен, тигізер пайдасы аз деп есептейді саясаттанушы және тарихшы Болат Сұлтанов.  Алайда олар аудан, тіпті қала өмірінің берекесін кетіреді. Көкейдегі мәселелерді өркениетті жолмен шешу керек. Бірақ бұл үшін  билік белгілі бір қадамдар жасауы керек.

Митингке шыққандарға бірден бұзақылар қосылады

— Болат Қылышбайұлы, оппозиция жариялаған митингке көзқарасыңыз қалай? Айтпақшы, ұйымдастырушылардың бірі басқа да «азаматтық бүлік акциялары» туралы меңзеген болатын.

— Қоғамның көкейінде біраз мәселе қордаланып қалғаны рас, бірақ олардың шешімін көшеден іздемеу керек. Бұл «азаматтық бүлік» еліміздің тұрақтылығының шайқалуына әкеледі. Мүмкін ұйымдастырушылар бұны көздемейтін де шығар, бірақ

бөтелкедегі жынды шығарғаннан кейін, оны тоқтату мүмкін емес

Сондықтан наразылық акциясына шақырғандар, бірнеше мәселені түсінуі керек.

Біріншіден, ол және акцияға қатысушылар Қазақстанның заңнамасын бұзып отыр. Яғни, оларға қатысты жаза қолданылады.

Екіншіден, бұндай акциялар қала өмірінің тыныштығын бұзғаннан басқа ешқандай нәтиже бермейді.

Үшіншіден, кез келген қоғамда қолдаушылар да, қарсы пікірді ұстанғандар да болады. Егер оның қандай да бір бөлігі қолдамайтын болса, қоғам мүшелерінің барлығы бұған қарсы дегенді білдірмейді.  Сондай-ақ осындай акцияларға тек бүлік шығарғыш, тәртіпке бағынбайтын азаматтар қатысады деп те айта алмаймыз.

Митинг ұйымдастырушылары қоғамның пікірін ескермейді, өз мүдделерін алға тартады

Біз тіпті «өркениетті» елдердің өзінде кез келген заңсыз наразылық акциясының соңы бұзақылық әрекеттерге ұласып кететінін жиі байқаймыз. Нәтижесінде жаппай тәртіпсіздік орнайды. Менің ойымша, Қазақстан халқының басым көпшілігі тұрақтылықтың бұзылғанан қаламайды.

— Бірақ тыйым салу арқылы неге қол жеткіземіз?

— Әрине, әр азамат өзінің көңілі толмайтын мәселені айтуы керек. Вольтер айтқандай: « Мен сіздің көзқарасыңызбен түбегейлі келіспеймін, бірақ сіз оны айтып жеткізуіңіз үшін өмірімді беруге дайынмын». Алайда осы үшін жаңылыс қадамдарға баруға болмайды.

Оппозиция не істеу керек?

— Бізге революция керек емес, сондықтан конституциялық жолын таңдасын. Қазір президент Тоқаевтың өзі ымыраға келу шараларын қабылдауда, соның ішінде митинг өткізуге рұқсат беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Конституцияның 32 бабында «ҚР азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы».

Сондай-ақ: «Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін» деп жазылған.

— Яғни, адамдар тұйық ортаға тап болады. Ал қалай да өз ойын білдіргісі келетіндер не істейді?

— Менің ойымша, Конституцияның 33 бабын қолдану керек. Онда: «Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар».

Яғни аудандық немесе қалалық мәслихатқа сайланып, республикалық референдум өткізу құқығына ие болсын. Оны бүкіл халық қолдайды.

Комиссия керек емес, мәселені ақылмен ойлау керек

— Сонымен қатар, билік те белгілі бір қосымша қадамдарға баруы керек. Бізде қандай да бір күрделі мәселе пайда болса, бірден комиссия құрады. Ол үшін бұрыннан тағайындалған органдар —  мәслихат пен мәжіліс бар емес пе? Билік көкейдегі мәселелерді талдайтын алаң емес, дауыс беруші машинаға айналып кетті. Мәжілістің де, малихаттың да халықтың алдында беделі жоқ. Бастапқыда белгіленген қызметін атқармайды.

Егер қазір мен адамдардан мәжіліс пен маслихаттағы сіздің депутатыңыз кім деп сұрасам, көбісі жауап бере аламайтыны анық. Сесебі сайлау партиялық жүйе бойынша өтеді.

Менің ойымша аралас жүйеге өтетін кез келді

Осы арқылы адамдар көңілі толмаған мәселені өздері таңдаған депутаттарға жеткізе алады. Ал олар өз кезегінде бұл мәселені парламент трибунасына шығарады.  Қазір парламенттік жүйе емес, карикатура бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз