Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бізді өлтіреді ғой…”. Қазақстан мен Қырғызстандағы будда ұйымдары үндеу жариялады

Бүгін «Чамсен» будда қауымының басшысы Олег Цой (Қырғызстан), Ниппондзан Мёходзи атындағы будда орденінің монахы Алексей Шмыгля (Қазақстан) және Білім академиясының аға ғылыми қызметкері Урмат Қалеев (Қырғызстан) Бирма үкіметі басшысына қаратып үндеу жолдады.

https://kaz.365info.kz/myanma-biligi-boskhyndar-orala-almauy-yshin-bangladeshpen-shekaralas-ajmakhkha-mina-khojyp-zhatyr-279069

«Мьянма билігінің өкілі, Нобель сыйлығының иегері, билік етуші партияның басшысы-сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшы Аун Сан Су Чжи, сондай-ақ осы елдің қарулы күштерінің басшысы Мин Аунг Хлайнды солтүстік штат Ракайнда жүргізіп жатқан лаңкестікке қарсы деп атаған әскери операцияларын доғаруға шақырамыз.

https://kaz.365info.kz/erdogan-myanmadagy-mysylmandarmen-zhylap-koristi-278633

Халықаралық бақылаушылардың мәліметі бойынша, күштеу операциясынан нақтысында бейбіт тұрғындар жапа шегуде. Қарттар, әйел мен балалар тұрғылықты жерін тастап, басы ауған жаққа қашуға мәжбүр. Олар адам төзгісіз жағдайға тап болып, шетінен қырылып та жатыр. Бангладеш шекарасында жүздеген адам судан өтпек болып, мерт болды, 10 мыңдаған адам ешқандай жағдай жасалмаған ашық аспан астында түнеуде.

Бұл оқиға әлем елдерінің наразылығын туғызды. Мьянмамен қатар әлемдегі барлық пұтқа табынушы қауым соққыға ұшырау алдында.

Өйткені Ракайн штатындағы әскери операция әлеуметтік желілер мен көптеген БАҚ-та “Буддалардың мұсылмандарға қарсы геноциді” деп бағалануда», – дейді өз үндеуінде Орталық Азияның пұтқа табынушылары ұйымының өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз