Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Бізді ауадан улауда»: психологтар қазақстандықтардың не себептен қастандық теориясына сенетінін түсіндірді

220

Коронавирустың пандемиясы таңғаларлық сыбыстар мен қастандық теорияларын таратуға жақсы себеп болды. Кімнің болса да

  •  ұшақтардан химиялық заттарды шашып, адамдарды әдейі улауда;
  • коронавирус жоқ;
  • ауру мен вирусты американдықтар, сионистер, қытайлықтар ойлап тапты дегенге сенетін танысы бар шығар.

Психологтар неге ақыл-есі дұрыс ересек адамдардың осындай өтірік әңгімелерге сенетінін түсіндірді.

Инфодемия әрекет етіп жатыр

Психоаналитик Александр Скуртул коронавирустың пандемиясымен қатар әлемде алғашқы инфодемия жарияланғанын атап өтті. Бұл 2020 жылғы 2 ақпандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінде пайда болған мүлдем жаңа ұғым. Термин «ақпарат» және «эпидемия» сөздерін қосу арқылы құрылған. Бұл дегеніміз ақпараттық кеңістікті зиянды материалдармен зарарлау. Оларға:

  • түрлі жасырын әрекеттер,
  • қастандық теориясы,
  • қауесет пен өсек,
  •  дүрліктілетін және пессимистік ашық жарияланымдар,
  • жоққа шығару және диссидент.

Алаңдаудан туындаған түсініктер

Оның айтуынша, бала кезінен уайымшыл адамдар қастандық теориясына сенуге бейім.

Александр Скуртул

— Тұлғаның дамуына қарай бұндай уайымшылдық өмірдің көптеген аспектілеріне өзінің елеусіз түзетулерін енгізеді. Ол адам бойындағы абайлау мен сенімсіздік, сақтық, күдіктілік сезімдерін арттырады.

Нәтижесінде, адам әлемде оған қарсы бағытталған қауіп-қатерлер мен қастандық көп деп санайды. Белгісіздіктен бәрі қорқады, бірақ саналы адам, оны оңай жеңе алады. Ал уайымшыл адамдар қиындыққа тап болады. Олар кез келген белгісіздіктен аулақ болуға тырысады және тыныштану үшін тіпті кездейсоқ оқиғаларға түсініктеме табуға тырысады. Сондықтан олар түрлі оқиғалардың себебін табуға тырысады және көбінесе өздеріне қарсы бағытталған деп ойлауға бейім, — деп түсіндіреді Скуртул.

Кім көбірек сенеді?

Онымен психолог Елена Акчалова да келіседі. Оның айтуынша, қастандық теориясына кейбір жоқ теорияларға сүйенетін, секемшіл адамдар сенеді.

— Бұған білімді адамдар сенеді деп ойламаймын. Ең алдымен, осындай пікірлерге бейім азаматтардың көпшілігінің білімі төмен. Сондықтан олар келіп түскен ақпаратты талдай алмайды, — дейді Акчалова.

Елена Акчалова

Жормалдар қалай пайда болады

Дәрігер-психотерапевт Дана Темірғалиеваның айтуынша, мемлекет пандемия туралы нақты және анық ақпарат бермейді. Бұндай жағдайда адамдар үрейге бой алдырып, ашуланланады, үмітсіздік және әлсіздік пайда болады.

— Бұл өте күрделі сезім. Алайда неден және не себептен қорқатыныңды түсінсең, уайым мен алаңдау сезімдерін жеңуге болады.

Адам аспанда ұшқан ұшақты көріп, ішіндегі толассыз сезімдерді аздап азайту үшін түрлі болжам, жорамалдар жасай бастайды

Бұл психиканың қорғаныс функциясы. Әлеуметтік желілердегі түрлі жалған ақпараттың көптігі осы жағдайлардың шиеленісуіне ықпал етеді. Олар  сыни ойлаудың төмендеуіне де себеп болады.

 

Мұндай жағдайда адамдар өздері сүйене алатын түрлі сыртқы дереккөздерді іздей бастайды, алайда

уайымдаған кезде адам өз-өзіне сұрақ қойып, өзін түсінуге тырысуы керек

Негізінен ондай адамдарды тыңдап,  қолдау көрсеткен жөн. Оларға ішкі эмоцияларын сыртқа шығару керек. Физикалық жаттығулар жасаудың да пайдасы бар, —дейді Темірғалиева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз