Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Бізді адам құрлы көрмеді». Екібастұзда шендінің орысшасы ауыл халқын «көтеріп» жіберді

111

Бұл туралы Рavlodarnews.kz хабарлады.

Бесқауға ауыл әкімдігінің бас маманы Шынар Жақсылықованың айтуынша, ауылда 475 тұрғын бар. Жалпы саны – 100 отбасы. Онда да оның екеуі ғана өзге ұлт өкілдері. Десе де олардың өзі осы ауылда туып, осы ауылда өсіп-өнгендіктен қазақ тілін әлдеқашан үйреніп алған. Керісінше, мұнда орыс тілін түсінбейтін тұрғындар баршылық.

Кілең қазақтардың ортасында орыс тілінде есеп берген полиция бастығын сынға алғандардың бірі – Тілеухан Бәзілханқызы.

– Кеше қала және ауыл әкімінің есебін тыңдадық. Атқарылған жұмыстарына ешқандай сын айта алмаймын. Бірақ, мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін менсінбей, орыс тілінде сөйлеуі тұрғындарға ұнаған жоқ.

Мәселен, полиция бастығы, өзі қазақ азаматы – есебін орыс тілінде берді, бір ауыз қазақша сөйлемеді.  Айтқанынан ешнәрсе түсінбедік. Қандай себеппен бұлай жасағанын да түсіндіріп айтқан жоқ. Бізді менсінбеді.

Есеп беру кездесуге Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова да келіпті. Басқарма басшысына қазақтардың ортасында мемлекеттік тілді менсінбей орыс тілінде баяндама жасау қаншалықты дұрыс, қаншалықты бұрыс екені туралы сұрақ қойдым. Бірақ, оның өзі жарытып жауап бермеді. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл өтті. Елбасымыз да «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп айтып жүреді. Бірақ соны тыңдамайтынымыз, өкінішті, – деп налыды ауыл тұрғыны Тілеухан Бәзілханқызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз