Сондықтан олар жаңа ештеңе ұсына алмайды, бірақ оларды алмастыратын ешкім жоқ.
Ең бастыларының бірі – “шектен шығып”, сапалы серпіліс бере алатын шынымен де жақсы кадрлар жоқ. Алайда біразы шұғыл мәселелерді шешуге қауқары бар, бірақ жүйелік кемшіліктер өзгермейді. Негізінде оларды өзгерткісі келе ме, жоқ па – бұл үлкен мәселе.
Соңы. Бірінші бөлімді де оқыңыз.
– Өткен уақыт ішінде қазіргі әкім Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы жағдайды түзете алды ма? Айтпақшы, ол осы лауазымға тағайындалған кезде, кейбір сарапшылар оны “саяси жер аудару” деп санаған. Бірақ екінші жағынан, ауқатты болмаса да, бүтін бір аймақтың басшысы лауазымына тағайындауды жер аудару деп атауға бола ма?
– Жалпы, Шөкеев ең тәжірибелі саясаткерлердің және шенеуніктердің бірі екенін түсіну керек. Ол ОҚО, Қостанай облысы және Астана қаласының әкімі болды. Үкіметте де жақсы жұмыс істеді, министр, вице-премьер, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Адам “есін жимастан кез-келген министрлік пен кез-келген аймақты басқарып келеді” деуге болады. Яғни, жинақтаған тәжірибесі бар, оған қоса оның командасы бар, олар да шұғыл түрде Түркістан облысына көшіп, жұмысқа кірісіп кетті. Негізінен отқа да, суға да түсіп, шыныққан тәжірибелі адамдар
қандай жерді басуды ғана емес, қайда баспау керектігін де,
даулы халық көтерілісінің алдын алу үшін не істеу керектігін де жақсы біледі.
Жалпы, Шөкеев тәжірибелі саясаткер және әкімгер ретінде өңірді жақсы басқаруда. Әрине, “Самұрықты” басқарғаннан кейін Түркістан облысы (әсіресе Шымкентсіз) шынымен де жер аудару сияқты көрінуі мүмкін, өйткені аймақтағы бюджет “өте төмен”. Бірақ екінші жағынан, орталықтан “рухани орталықты” дамытуға субвенция ретінде белгілі бір мөлшерде қаражат бөлінді. Жобалар тек премьердің ғана емес, Елбасының да, Президенттің де жеке бақылауында.
Бірақ, Түркістан облысын өңір ретінде дамытуға деген көзқарас бүкіл республикаға деген көзқараспен бірдей. Оның кемшіліктері де жүйелі, барлық министрліктер, салалар мен әкімдіктерге тән.
Олардың ішінде қалыпты жоспарлаудың болмауы, үнемі қайта құру және қандай да бір өзгерістер болып жатады. Нәтижесінде процестер мен бюджеттік ақша ағындардын бақылау өте әлсіз.
– Міне, мысалы, қазір Республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Есеп комитетінің кезекті есебі қаралуда. Асыра пайдалану, асыра бағалау және сапасыз жоспарлаудан болатын шығындар саны жылдан жылға өсіп келеді. Бірақ экономикалық салада ешқандай түбегейлі шаралар қабылданбайды және біз әлі күнге дейін жағдайдың түбегейлі өзгергенін көрген жоқпыз.
Түркістан облысында да осындай жағдай орын алуда. Тіпті әкімдікте өңірдің жағдайы туралы толық ақпарат жоқ, ресми және көлеңкелі экономикалардың арақатынасы, табыстардың нақты деңгейі және т.б. белгісіз. Әкімдік те тек бір сәттік бас ауруын жеңілдетуге тырысады. Елде жүргізіліп жатқан саясаттың өзі шынымен оң нәтижені жоққа шығарады, өйткені
мемлекеттік басқару жүйесі оң нәтижеге бағдарланбаған,
қаржы ағындары мен оларды теріс пайдалануға бағытталған. Қандай да бір жеке адамдардың күш-жігерінен еш нәтиже болмайды және ондай адамдар жоқ та. Дәл сол Шөкеевтің өзі де жақсы әкім емес. Өте тәжірибелі, бірақ жақсы емес. Мәселе мынада, бізде жалпы, жақсы әкімдер жоқ. Бізде орташа, жаман және өте жаман әкімдер бар. Ағымдағы қиындықтарды мынадай кедейшілікте шешу де қиын, ал
бұл адамдар енді сапалы серпіліс жасай алмайды, өйткені қолдарынан келмейді.
Жүргізіліп отырған саясаттың шегінен шығуға мүмкіндігі жоқ.
– Шөкеевтің қандай да бір жанжалға қатысы болды ма? Сыбайлас жемқорлық болуы міндетті емес.
– Арасында оның да айналасында (бірақ оның қатысуынсыз) жанжалдар орын алды, бірақ жалпы алғанда оның команда жаман емес.
Олар оған үйреніп қалған, оны біледі және қоғамда ол басқа әкімдер сияқты аллергия тудырмайды.
– Ал кімдер тудырады ?
— Бұл сұрақты Алматы немесе Нұр-сұлтан тұрғындарына қойған дұрыс, солар атап береді. Бірақ жақсылары жоқ.
– Жақында облысты дамытуға 3,6 трлн теңге бөлінбекші болды. 2025 жылға дейінгі үлкен кешенді жоспар бар, онда жүз елу мыңға жуық түрлі іс-шаралар бар. Қызық, қандай нәтиже берер екен?
— Біздің кез келген мемлекеттік бағдарламамызда олардың іске асырылу көрсеткіштері бірнеше рет өзгереді. Оларға баға бере алмайсың. Оларға жауап беретін министрліктер үнемі қайта құрылады, оны бақылауға тиісті саяси басшылар мезгіл-мезгіл бір жерден екінші жерге ауыстырылады.
Критерийлер мен институттар өзгерген кезде, бағдарламалардың орындалуы да үлкен қиындық туғызады
Сонымен қатар, бағдарламалар қаржыландырылатын республикалық бюджет те бір жылда қырық рет өзгереді. 2021 жылға арналған бюджеттің соңғы нұсқасы 2021 жылдың 31 желтоқсанында қабылдануы мүмкін. Және оны фактілерге “бейімдейді”. Сосын
қаражаттың бәрі игерілгендей, қажетті қорытындылар жиналған, құжат бойынша бағдарлама орындалғандай болып көрінеді,
ал іс жүзінде нәтиже болмаған күйінде қалады. Мемлекеттік аппарат өзіне өзі осындай міндеттер қоюды үйренді, содан кейін одан сұрау мүмкін болмайды.