Бізде текті тұқымнан ешкім қалмапты ғой. Бәрін қырып жіберіпті. Қазіргілер құл-құтандар (біз де соның ар жақ, бер жағымыз) екен. Мешіттің жанындағы паркте демалып отырған бір жерлес ақсақалмен әңгімелестім.
Қазақтың арғы-бергі тарихы мен тектілер тұқымының қалай үзіліп қалғанын беске білетін қазына кісі болып шықты. Атын айтпады. Тыңда дегеннен кейін сөзін бөлмей, тыңдап қана отырдым. Әңгімесін жақсы аяқтады. Көнекөздің айтуынша, қазақтың “алтын ғасыры” енді басталады. Халық дегенің терең дүние ғой. Біз білмейтінді білетін осындай шежіре қариялар әлі де бар екен-ау деген оймен үйге сондай бір керемет әсермен қайттым. Қазақты қорғап жүрген секілді. Оның қандай ғайып нәрсе екенін, не құдырет екенін біле алмадым…
Жолымбет Мәкіш
Facebook-тегі парақшасынан