Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бізде шоу-бизнес жоқ”. Қайрат Қытайға кететін болды

Неге десеңіз, мойындау керек біздің елде шоу-бизнес жоқ.

Той-бизнес қана мығым дамыған. Өйткені өнерпаз атаулының барлығы халықтың тойының арқасында нәпақасын айырып жүр. Ал мен шоуды таңдаймын. Сол себепті кісі еліне кетіп бара жатқан жайым бар. Бұл туған жерімнен жерігендіктің белгісі емес. Мен туған жерімнің әрбір тасын, аққан суын, атқан таңын ерекше сүйемін. Мақсатым қазақ деген ұлы халықтың өнер мен мәдениеттен кенде еместігін өзгелерге мойындату”, – деді Қайрат Түнтеков.

https://kaz.365info.kz/ozgeshe-bolady-khajrat-tyntekov-almatyda-ylken-kontsert-bermek-297993

Қайрат Түнтеков отандық продюсерлердің ішінде басына күн туғанда өзінен теріс айналып кеткендер де болғанын жасырмады.

“Ұсыныстар бар. Бірақ шетелге кетіп бара жатқаннан кейін әлбетте сол жақтың продюсерлерімен жұмыс жасауға тура келеді. Бұған дейін елдегі біраз продюсерлермен қоян-қолтық араласып, қызмет жасадым.

Басыма күн туғанда теріс айналғандары да болды.

“Бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды” деген аталы сөз бар ғой. Бар ынтам өзімнің аяқтан тұрып кететіндігімді тыңдарманға дәлелдеу болды. Тілегім орындалып, көптің демеуімен сахнаға қайта көтерілдім. Ендігі мақсатым осы биігімнен құламау”, – деді Түнтеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз