Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Латынға көшсек те, орысшадан бас тартпаймыз» – Назарбаев

Сондай-ақ Елбасы отандық туризмді дамытудың перспективалары мен өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы және латын әліпбиіне көшу туралы ойын айтты деп хабарлады „Хабар-24„.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деп жатқан жоқпыз. Алып-қашпа сөзбен осыны кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе, орыс тілінде. Әліпби – қазақтың тіліне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі орыс тіліне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, біз байымаймыз, кедейленеміз.

Бұл – үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында бір-екі мәтінін қарайтын боламын. Осыған шұғылданып жүрген ғалымдарды, тілмаштарды – барлығын жинап, солармен отырып, бір жобаға тоқтайтын боламыз.

Бұдан бөлек, Президент халықаралық ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ойымен бөлісті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз