Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Құлдыққа жіберіп жатырмыз» — шымкенттік турагент ағынан жарылды

Міне, осы жұмыста көрмедім дейсіз: көкейін көк тиын тескен жергілікті турфирмалардың табыс табу үшін адамдарды ешкім күтпеген жерге қалай жіберетінін де, отандастарымыздың алаяқтарға қалай оп-оңай алданып, лыпысыз қалатынын да, еш нәрсеге қарамай, табыс табуға шет елге барып, сол жақтағы жер төлелерден бірақ шығатындарды да көрдім.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыссыз жүргендер неге екені белгісіз, Оңтүстік Кореяға барғыш. Ешқандай еңбек келісімінсіз,басын қауіп-қатерге оп-оңай тігіп, кете барады.

Корей билігі өздерін бейне бір құшақ жая қарсы алып, жұмыс бере қоятындай көреді.

https://kaz.365info.kz/korejler-bizdi-adam-rly-k-rmejdi-aza-turisteri-nege-kpeli-247119

Жиі орын алып жатқан дау-дамайлар мен келеңсіз жағдайлардың орын алып жатқанына қарамастан, қазақстандықтар туристік фирмалар мен жеке адамдардың үйіп-төккен уәделеріне имандай сенеді. Сөйтіп, армандарына қарай бет алады, бірақ… Қалаған жеріне бармай жатып, түрмеден бірақ шығады, сөйтіп, біраз уақыттан кейін ол елден мәжбүрлі түрде сыртқа шығарылады. Енді сондай оқиғалардың бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Жұмақты армандап, тозақтан бірақ шықты

2016  жылы қалтасында екі жаққа баратын билет пен 300 доллары бар Хамит Кореяға аттанады. Жолы болып, шекарашылардың құрығына ілінбей, ел ішіне кіреді. Не тіл білмейтін, не танысы жоқ Хамит, әйтеуір ымдап жүріп, жергілікті тұрғындарға өзіне жұмыс қажет екенін жеткізеді. Бақытына орай, еңбек биржасына (арбайтен) тап болып, ұзамай, құрылыс фирмасына жұмысқа кіреді.

Жұмыс өте ауыр болатын. 8 сағаттық жұмыс кестесі өңің түгіл түсіңе кірмейтін, таңның атысы күннің батысы, яғни таңғы алтыдан кешкі сағат тоғызға дейін жұмыс істейсің. Ал кешкі сағат онда жатаққанадағы темір төсекке сүйретіліп әрең жетесің де құлайсың.

Сырқаттануға болмайды – ешкім саған «больничный» төлемейді.

Жұмысшылар таң атпастан тұрады, орыс тілін білетін жергілікті «біргәдір» оларды объектінің басына жеткізіп тастайды.

Осындай тәртіппен Хамит бір айдан астам уақыт жұмыс істеген кезде, құрылысқа көші-қоң полициясы сау ете қалып, тексеру жүргізеді. Барлық заңсыз мигранттар полиция учаскесіне жеткізіледі, ал жаңағы «біргәдірсымақтар» көзден ғайып болады. Сөйтіп, біздің батыр көші-қоң түрмесінен бірақ шығады.

Барлық жұмысшылардың құжаттарын, телефондарын, ақшасын алып қояды.

Көші-қоң түрмесінің әдеттегі қапастан еш айырмашылығы жоқ, сол баяғы терезедегі  темір тор, темір есік, тас бауыр күзетшілер. Ерлер мен әйелдерді түрлі секторларға бөліп, жігіттерге көк, ал нәзік жандыларға сарғыш футболка береді.

Тамағы ішуге келмейтін бірдеңе, ал күзетшілері сені адам құрлы көрмейді, дөрекілік танытады.

Біраз уақыттан кейін көші-қоң, полициясының қызметкері жұмыс беруші туралы ақпарат жинақтай бастады. Ол қамаудағыларға қолыңда Қазақстанға қайтатын билетің болса ғана түрмеден шыға алатындарын түсіндірді.

Полицияны мигранттар қызықтырмайды,

олардың мақсаты біреу – жұмыс берушіні жауапқа тарту және жұмысшыларға билет алып беруге міндеттеу.

Бірнеше күннен кейін тәртіп сақшылары әлгі «біргәдірді» тауып алып, оған қамауда отырғандарға билет алдыртады. Елге ұшатын күні форма киген адамдар келіп, миграттарды бір кабинетке алып келіп, олардың саусақ іздерін түсіріп, көздерінің қарашығын сканерге түсіріп алды.

https://kaz.365info.kz/36-til-biletin-astanalykh-taksist-turisterdin-ozin-tangaldyrdy-foto-273034

Содан кейін заңсыз миграттарға 68-баптың 1-тармағына сәйкес олардың төлқұжаттарына елде заңсыз болды деген «штамп» қойлатыны туралы ескертті. Енді олар елден депортацияланады, оларға, кем дегенде, 24 ай, ал кейде 5 жылға дейін, оны көші-қоң офицері өз қалауы бойынша шешеді, Кореяға келуге тыйым салынады.

Міне, осылай жұмақ іздеп, тозақтан бірақ шыққан Хамит «енді Оңтүстік Кореяға өлсемде бармаспын» деп, ант-су ішіп отыр.

Тағы бір батыр

Хамит бізге өзінің басынан кешкендерін айтып бергеннен кейін бір-екі күн өтер өтпестен, офисімізге басына пәле іздеген тағы бір батыр келді. Ол бізге интернет арқылы алған жататын қонақүйінің  бронін,  олимпиада ойындары билеттерінің көшірмелерін көрсетті. Біз оған қызмет көрсетуден бас тарта алмадық, бірақ ол өзінің шынайы мақсаттарын айтпай отыр деп, күдіктендік. Нәтижесінде, барлығы біз ойлағандай болып шықты: білдей бір топ турист Сеул әуежайында құрықталып, кері қайтарылды, олардың арасында біздің шымкенттік «турист» те бар.

Бұл жерде мойындайтын бір гәп бар: шындап келгенде, турфирмалардың да кінәсі бар. Олар туры (бұл жерде тур жиынтығы, яғни қонақ үй, ілеспе гид, трансфер, қарсы алу туралы айтылып отыр) жоқ адамдарға билет сатуға дайын. Әдетте, ондай турларды заңсыз мигрант, яғни гастарбайтер болуға ниеттенгендер сұрайды.

Турагентттер ертең кінәлі болып қалмас үшін,

әр туристен шекарадан өте алмай қалса, турфирма жауапкершілік тартпайды денген қолхат алады.

Әрине, мұның барлығы заңға қайшы, бірақ барлығын түсетін табыс билейді.

Егер бұрын авиакомпаниялар бірыңғай бағаны ұстап, агенттіктерге сатылған авиабилеттен белгілі мөлшердегі пайыз төлесе, қазір стандарттық құн енгізлген. Әр фирма билет бағасына пайыздық үстемені өзі белгілейді, сондықтан қосымша табыс тапқанды теріс көрмейді.

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы үкіметтері арасындағы визалық тәртіпті алып тастау туралы келісімге сәйкес, 2014 жылғы қарашадан шетелдік төлқұжаты бар Қазақстан азаматтары алдын ала виза рәсімдей-ақ Кореяға барып, ол жақта үзіліссіз 30 тәулік бола алады.

https://kaz.365info.kz/byjtken-saudasy-khyrysyn-khorgaskha-bargandar-ozderin-khalaj-it-khylatyndaryn-ajtyp-berdi-301334

Ендеше,

Қазақстан Республикасының азаматтары оңтүстік кореялық визаны рәсімдемей-ақ 30 күнге дейінгі мерзімге Оңтүстік Кореяға  келесі мақсаттармен бара алады:

  • туристік мақсатпен;
  • іскерлік мақсатпен;
  • сауығу және емделу мақсатымен;
  • мәдени-ағартушылық мақсатпен;
  • жеке шаруалар бойынша (туыстарды, достарды, таныстарын көру мақсатымен).

Әрине, мен түрлі қиындықтарға тап болатын отандастарыма аянышпен қараймын, бірақ…

Біздің басшылығымыздың талабы өте қарабайыр: қалай болса да табыс табыңдар, әркім өзіне, өз ісіне жауап береді. Сондықтан біз жерлестерімізді олардың алдында түрлі қауіп-қатерлер тұрғанына қарамастан, елден аттандыруға мәжбүрміз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз