Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Биыл мемлекеттік гранттың 85 пайызын қазақ мектебіне бөлу керек — ұстаз

2017 жылы гранттың 85 пайызын қазақ тобына бөлу керек.

Өйткені, орыс мектебін бітірушілерді қанша жерден елге алып қалғымыз келгенімізбен, олардың көпшілігі шетелге кетеді. Мемлекеттік грант мәселесіне келгенде министрлік қоғамдық пікірді ескергені жөн, – дейді Аятжан Ахметжан.

Оның ойынша, егер министрлік 85:15 пайыз саясатын іске асыра алмаса, қазақ және орыс мектебі деп бөлмей, жалпы конкурс енгізуі керек. Бұл саясаттың салқыны ауыл мектептеріне тиіп кетуі мүмкін деп қорықпау керек.

– Қала мектебіне қарағанда ауыл мектебінің білімі төмен деген әңгіме – жаңсақ пікір. Білім гранты жалпы конкурс бойынша берілсе, ауыл мектебі одан ұтылмайды. Өйткені ауыл мектебіне берілетін Үкіметтің арнайы жеңілдігі бар. Осы жеңілдіктер кейбір кемшіліктерді жуып-шайып кетеді деп ойлаймын. Негізі, министрліктің жанынан саладағы күрделі мәселелерді талқылап, шешім қабылдауы тиіс қоғамдық кеңес құрылған болатын.

Бірақ ол кеңестің мүшелері – министрліктің саясатына қарсы сын айта алмайтын, тәуелді азаматтар.

Сын айтпайтын адамдар еш мәселені шеше алмайды, – дейді ұстаз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз