Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Биыл қыс ерте түседі – синоптиктер

Дегенмен, алдағы аптада күн райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Айдана Абықан, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Өткен күндері ауа-райының салқындауы және жауынның болуы, жауынның арты қарға ұласуын Карс теңізінен келе жатқан атмосфералық ауа массаларымен байланыстырса болады. Алдағы күндері тропосфералық ағымдардың жылдамдығы ауыспайды.

Елімізде осындай климаттық өзгерістерді тәулігіне 8 рет қадағалайтын 328 ұлттық метеостанция бар. Олардың барлығы бақылау желісімен жабдықталған. Ауадағы аздаған өзгерістің өзі бірден тіркеліп, арнайы орталықтарға телеграмма түрінде жіберіледі. Кейіннен бұл мәліметтерді синоптиктер өңдейді. Міне, сіз бен бізге жеткенше күнделікті ауа-райы болжамы осындай сұрыптаудан өтеді.

Ардақ Калменова, «Қазгидромет» РМК Ауа-райын қысқа мерзімді болжау басқармасының басшысы:

– Болжам жасағанда біз биікте қандай процестер болып жатыр, соны білуіміз керек, яғни біз кешегі күн мен бүгінгі күннің температура айырмашылықтарын, ылғалдылық және желдің айырмашылықтарын ескере отырып, карталарды өңдеп БАҚ-қа, тұтынушыларға таблица түрінде немесе мәтін түрінде жеткізіледі.

Республика бойынша болжам осылай жасалады. Ал әлемде күн райының қалай құбылатынын білу үшін біздегі ақпарат Мәскеуге жіберіледі. Кейін бұл мәліметтер карта түрінде қайтып келеді. Жалпы Қазақстан климатына бірнеше аймақтың атомосфералық процесі әсер етеді. Олардың жылдамдығы жиі құбылады, сондықтан болжам шындықпен сай келмей, кейде сынға ілігеміз. «Қазгидромет» мамандары осылай дейді.

Ардақ Калменова, «Қазгидромет» РМК Ауа-райын қысқа мерзімді болжау басқармасының басшысы:

– Қазақстан территориясына Еуропа, Мәскеу және Ираннан атмосфералық процестер келеді. Және сол процестердің биіктіктегі жылдамдықтарын ескеру қажет. Себебі кейбір процестер тез өтуі мүмкін немесе 1-2 күнге кешігіп келуі мүмкін. Жалпы Қазақстан территориясы бойынша болжамдардың ақталуы – 80-90 пайыз.

Табиғат мінезін дөп басып, болжап айту оңай емес, әрине. Дегенмен, мамандардың кеңесі көп жағдайда тұрғындарға көмек. Биылғы қыс та кыр астында тұр. Қазанның да қабағы қатулы. Дегенмен, синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа температурасы әзірге айтарлықтай өзгермейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз