Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Биыл Қазақстанда 10 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

Наша дайындаушыларды аңдыған сақшылар

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсетін Шу алқабы орналасқан. Бұл өңір қарасораны жинап, өңдеп республика аумағына таратуға ұмтылатын қылмыстық топтарды өзіне тартады.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысында «үнді қарасорасы» өседі. Шара барысында ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаменті бастығының орынбасары Жанат Битенов құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді дайындаудың жолын кесу, «ауған» есірткісінің тасымал арналарын жою, есірткі сатумен, тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою жұмыстары жайында есеп берді.

Арнайы өткізілген шараға полицияның арнайы бөлімшелері, Ұлттық ұланның, ҰҚК-нің және ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

«Көкнәр-2017» шарасын өткізу барысында

130 тонна есірткі заттары, оның ішінде 90 тонна  арнайы өсірілген қарасора, 28 тонна жабайы өскен қарасора, 138 тонна гашиш пен 28 тонна героин тәркіледі.

Есірткі бизнесін жолға қойған 5 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Мәселен, Ресей азаматынан Шу өңірінде 1 тоннадан астам марихуана тәркіленсе, Павлодарда жүк көлігінің жасырын орнынан 180 келі марихуана табылды. Толықтай алғанда, 30 млн рет қолдануға болатын көлемде түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан алынып,

10 млрд теңгеден астам қаржының көлеңкелі экономикаға түсуіне жол берілмеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз