2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында жекелеген сауда айналымы 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,5 процентке көп, деп хабарлайды Baq.kz.
Сауданың жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарларының үлесі 30,8 процентті (387,7 млрд теңге), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 69,2 процентті (870,5 млрд теңге) құраған.
Азық-түлік сату көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 процентке артқан. Сондай-ақ, ірі сауда кәсіпорындарының үлесі 57 проценті (717,3 млрд теңге), жеке кәсіпкерлер мен қала базарларының үлесі 43процентті (540,8 млрд теңге) құраған.