Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Биыл ең көп жұмыс орындары ашылған өңірлер анықталды

101

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, яғни жылдық жоспардың 72,6 пайызын (373 мың) қамтып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы құрылған жұмыс орындарының 182,5 мыңы тұрақты жұмыс, 88,3 мыңы уақытша жұмыс орындары. Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының ең көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі – 32 мың, құрылыста – 30 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 24,8 мың», – делінген ведомство хабарламасында.

Жұмыс орындарының ең көп саны Алматы қаласында (33,6 мың), Алматы (27,9 мың) және Маңғыстау (22 мың) облыстарында құрылды.

«Ең аз мөлшері Қызылорда (8,7 мың), Батыс Қазақстан (9,8 мың) және Ақмола (9,4 мың) облыстарында құрылды», – деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз