Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Биыл 300 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылады

Ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде министр азаматтарды жұмыспен қамту үшін Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2017 жылдың соңында аталған бағдарламаны жүзеге асыруға серпін беретін жаңа құралдар енгізілді. Олар – өз еркімен қоныс аударған азаматтарға жұмыс берушілерді субсидиялау, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз гранттарды беру.

Осы орайда Мәдина Әбілқасымова биыл аталған бағдарлама аясында қанша азаматты жұмысқа орналастыру көзделіп отырғанын жеткізді.

«Бағдарламаның жаңартылған құралдары биыл 571 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Оның ішінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 300 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады. Негізгі басымдық кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға және жұмыссыз жүргендерді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды көбірек тартуға берілмек. Осылайша, 2018 жылы 7,5 мың тұрғынға шағын несие алып, 3 мың әлеуметтік осал топ өкілдері «Атамекен» ҰКП бірлескен «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренеді деп болжап отырмыз», – деп түйіндеді сөзін министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз