Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Бісіміллә, келесі кезең басталды. Димаш Құдайберген Витастың әнін орындады (видео)

Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, Қытай телеарнасы тікелей эфирге дейін де толық циклді дайындық жүргізіп, оны таспаға түсіреді екен.

“Келесі сайысқа дайындық. Қытай телеарнасы әрбір концерттік шараны немесе сайысты түсірмес бұрын бірнеше рет толық циклмен дайындық жасайды екен – жарық қоюшылар, операторлар, дыбыс режиссерлері, оркестр мүшелері, әртістер, әкімгерлер  және тағы басқасы әбден нақышына келгенше жұмыс жасайды! Үлкен еңбек. Шаршадым деген бір адам көрмедік”, – деп жазады ол.

Қайталай кетейік, ертең, яғни 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен сағат 22:05-те бүкіл әлем жанкүйерлері Димаш пен оның қарсыластарының өнерін тамашалай алады. Тыңдармандар тікелей эфирді Hunan tv арнасынан онлайн режімде көре алады.

https://www.youtube.com/watch?v=M6w9AyuZ_HY

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз