Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Бишімбаевтың туыстарынан пара алмақ болған адам сотталды

Грачёваға қатысты антикорға Қуандық Бишімбаевтың анасы арызданған. Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сол кезде соты жүріп жатқан баласының «жазасын жеңілдетемін деген желеумен» осы отбасын торуылдап маза бермеген көрінеді. Соңында «100 миллион теңге ұстатсаңыздар, лауазымды тұлғалар арқылы мәселені шешіп беремін» деп уәдені үйіп-төккен. Сөйтіп бір бума жалған ақшамен Бишімбаевтардың пәтерінен шығып келе жатқанда қолына кісен салынды.

«ҚР ҚК 367-бабының 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде пара беру» бойынша 28-баптың 4-бөлігі «Арандату» қолданылғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Мемлекеттік қызметте, Ұлттық банкте, қаржы нарығын реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органдарда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салынсын», – деді судья Сейфулла Тасымбетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз