Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Бишімбаевтың әйелі сотта сөз сөйледі

“Түрлі уақытта кейбір ақпараттық порталдарда мақалалар жарияланды. Онда Қызылорда облысындағы шыны зауыты бойынша журналистік тергеу жүргізген. Мақала мазмұнына нысан аумағында алынған сұхбаттар, суреттер мен видео жарияланды. Осының негізінде зауыт құрылысы кезінде ешқандай да заң бұзушылық болмағанын көруге болады. Зауыт штаттық жағдайда салынды. Құрылыс ЖШС құрылтайшысы мен бас директор ұсталғаннан кейін де тоқтаған жоқ”, – дейді Бишімбаевтың әйелі оны ақтау мақсатында.

 “ҚР ҚПК-ның 120-бабының 1-тарауын назарға алып, журналистік тергеу ресми құжат ретінде мойындалу керек. Ал 125-бап бойынша қылмыстық істі шешу үшін дәлелерді бағалау қатыстылық, дәлелділік тұсынан бағалану керек. Осыған байланысты зауыт құрылысы туралы мақалаларды іске қосуыңызды сұраймын”, – дейді Бишімбаевтың әйелі сот залында.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев пен бұл істің өзге де 22 фигурантына қатысты алдын ала тыңдаулар 31 қазанда басталған. Бүрынғы ұлттық экономика министрі ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы “Пара алу” және 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы “Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу” бойынша айыпталуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз