Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Бишімбаев сияқты дау болады»: Экс-әкім әйелін ұрды деп айыпталды

Сондай-ақ ол әйелі оны жұмыстан шығарамын деп қорқытқанын айтты. Оның айтуынша, осы мақсатта Үмбетқалиева президент әкімшілігіне күйеуімен арасында болған жеке хат-хабарларын жолдаған.

«Ол мұны әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытты. Әйелімді мұндай қадамға біреу итермелеп немесе көндірген шығар. Қазір әйелім істеп жатқанның бәрі балаларға әсер етеді. Оның барлық әрекеттері мені жұмыстан шығаруға бағытталған деп есептеймін», – деді Ибрагимов.

Ибрагимов әлеуметтік желідегі көп қысымға байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болғанын, балалардың жанын жараламау үшін осындай шешімге келгенін айтты. Сотталушының айтуынша, бұрынғы әйелі отбасын сақтап қалу үшін оған бірнеше шарт қойған.

Бұрынғы әйелін ұрды деп айыпталған Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті

«Мен оған 19 миллион теңге мен көлік бердім. Оның басты шарты баспана алу болды. Осы уақытқа дейін хабарластық, сотқа дейін кездестік. Сот басталғаннан кейін бәрі өзгерді. Қазір қыздары да анасын көргісі келмейді. Ол мені жұмыстан шығаратынын, бәрінен айырылатынымды айтты. Мен бәрін жасадым, бірақ бәрі бекер болды. Ол пәтер сұрады, мен оған ақша тауып бердім, достарым да көмектесті. Ата-анам үнемі көмектесіп жүрсе де, ол олар туралы да жаман сөздер айтты. Мен Ақмаралдың әрекетінде үшінші тұлғалардың бар-жоғын білмеймін, бірақ бұл мәселеден оған ешқандай пайда жоқ. Мен одан тоқтатуын өтіндім, бірақ ол қоқан-лоққыларын жалғастырады берді. Ол мені жұмыстан шығаратынын айтты, дегеніне жетті. Ол әлеуметтік желілерде Бишімбаев ісі сияқты дау болатынын айтты, солай жасады», – деді Ибрагимов.

Сотта қойылған сұрақтардың біріне жауап берген экс-әкім Үмбетқалиеваның омыртқасын өз бетімен жарақаттап алуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, жәбірленуші жиі белінің ауыратынын айтып шағымданған.

«Мен оған фитнеске жылдық абонемент сатып алдым, ол үнемі белінің ауыратынын айтып шағымданданатын, сондықтан ол бұл жарақатты басқа жағдайларда алған деп ойлаймын», – деді бұрынғы әкім.

Енді  осы іс бойынша келесі сот отырысы 14 маусымда өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз