Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Биржалық валюта саудасы өсуде

Фото: kursiv.kz

Үкіметтің жақында өткен отырысында мәлімдегендей, 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 3,4%-ға дейін артты. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қаңтар-тамызда 10%-ға артты, ал бір ай бұрын бұл 7,4% болатын. Бұл ретте экспорттың өсу қарқыны 10,6%-дан 16%-ға дейін жеделдеді. Импорт динамикасы 3%-дан 2,2%-ға дейін баяулады.

Рас, тамыз айында АҚШ валютасына сұраныс айтарлықтай төмендеді. Теңгелік баламада сату/сатып алудың нетто-көлемі шілде айына қарай 12,3%-ға 146,9 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Теңге және рубль – болжам сенімді емес

KASE шетел валютасының спот-нарығында доллар бойынша айналымдар шілде және тамыз айларында тиісінше 2,1% және 12,5%-ға төмендеді. Алайда қыркүйек айында 4,5% қосып, қайтадан өсе бастады. Абсолюттік мәнде — $124,3 млн.

Сондай-ақ, бірыңғай еуропалық (1,6 есе — 2,9 млн еуроға дейін) және ресейлік (3,7% – 6 млрд 341,4 млн рубльге дейін) валюталар бойынша сауда-саттық көлемі өсті. Қытай валютасында – 6,0%-дан 120,6 млн юаньға дейін төмендеді.

Айтпақшы, келтірілген мәліметтерден Ұлттық Банктің қазақстандық валютаның Ресей валютасы рубль үшін 6 теңгеге дейін әлсіреу себептері туралы дәлелдемесі, былайша айтқанда, толық негізделмеген болып көрінеді.

Мәселен, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова жақында айырбастау пункттерінде ресейлік валютаның нетто-сатылымының өсуімен қатар KASE биржалық теңге-рубль жұбы сауда-саттық көлемінің ұлғайғанына сілтеме жасады.

Бірақ қыркүйек айында KASE спот-нарығында рубльмен салыстырғанда доллар және еуро бойынша айналымдар жылдам өсті. Ал тамызда қолма-қол ресейлік валюта бойынша сату/сатып алудың нетто-көлемі теңгемен баламада шілдемен салыстырғанда 1,5%-ға – 66 млрд 45,1 млн-ға дейін төмендеді.

KASE валюталық своп-нарығында айналымдардың тамыз айында айтарлықтай төмендеуінен кейін қыркүйек айында 18,7%-ға $1 млрд 699,3 млн-ға дейін өсім орын алды. Абсолюттік мәнде $268 млн-ға дейін.

Бұл ретте осы нарықтағы банктер арасындағы мәмілелер бұрынғысынша тек доллармен жасалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл нарықтағы белсенділігімен “Қазақстан Халық банкі”, ForteBank және Bank RBK ерекшеленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз