Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бірінші жұмыс тобы құрылады, одан соң, сөздік жасалады… – Арыстанбек Мұхамедиұлы

Атап айтқанда, ел азаматтары, әсіресе, жастар күнделікті тәжірибеде латын графикасын белсенді түрде насихаттай бастады. Енді мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиі кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бұл бағытта не жасалады?

Бірінші кезекте, Үкімет тарапынан қазақ тілінің латын графикасын енгізу бойынша жұмыс тобы құрылады»,

– деді министр ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар орфографиялық-лингвистикалық комиссия да құрылады.

Латын графикасы негізінде жаңа орфографиялық ережелер мен қазақ тілінің үлкен орфографиялық сөздігі жасалады.

«Үшіншіден, нормативтік-құқықтық базаны сәйкестендіру қажет. Осыдан кейін оқу-әдістемелік, оқулық, көркем және басқа да қажетті әдебиеттерді әзірлеу мен басып шығаруға кірісе аламыз», – деп түсіндірді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Осы орайда ол әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді шығаруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Әрине, жаңа әліпбиді қоғамда әрі бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде алға жылжыту керек. Мұнымен қоса, жаңа қазақ әліпбиінің тілдік ортасын кеңейту үшін жаңа әліпбиді жарнама саласында қолдану жұмыстарын бастау қажет. Сонымен қатар арнайы оқытатын портал мен мәтіндерді автоматты түрде латын қарпіне аударудың конвертері құрылуы керек», – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз