Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Біріккен Араб Әмірлігіндегі қазақстандықтар қатаң карантин талаптарына қарамастан елге оралды

223

Зарина соңғы тоғыз айда Біріккен Араб Әмірлігінде  сән бойынша кеңес беруші және стартап жобада маркетолог болып жұмыс істеді. Түркияда сәнді киімдер желісін тігуге жауапты болып, Еуропа, Ресей, БАӘ-теріне сататын.

Карантиннің кесірінен компания жабылып қалды. Ол Қазақстанға қайтуға мәжбүр  болды.

Әмірлікте карантин өте қатаң болды. Бүгіннің өзінде адамдар қоғамдық орынға тек берперде киіп шығады, ал қоғамдық ғимараттарға қолғаппен кіру керек

Талапты сақтамағаны үшін үлкен айыппұл төлейді.

Қазақстанға баратын рейстер туралы кейіпкеріміз БАӘ-дегі біздің елшілігімізден білген, олар карантин енгізілген алғашқы күннен бастап ол Қазақстанға эвакуациялық рейстерді ұйымдастырып, жөнелтуді жалғастыруда. Сонымен қатар, Эмираттарда қазақтардың комьюнити-чаты бар.

Зарина үйге оралған сәттегі әсерлерімен бөлісті.

— Мен төртінші репатриациялық рейспен оралдым, карантиндік шаралардың жеңілдеуін күттім. Бұған дейін БАӘ-ден рейстер Қазақстанның өңірлік қалаларына ғана келген, Алматыға тікелей рейстер енді ғана жанданды.

Біздің мемлекет борт ұйымдастырды, бірақ билетті әркім өз есебінен сатып алды.

Өз отандағы карантин

9 маусым күні таңертең «Скат» авиакомпаниясының Шарджа-Маскат-Алматы рейсінің барлық жолаушылары Алматы әуежайына сәтті қонды.

— Мені экипаждың жұмысы таңғалдырды. Олар кәсіпқойлар, бәрін нақты түсіндіріп, жедел шешім қабылдай білді. Кейбір азаматтарымызды алып кету үшін  Оман астанасы Маскаттаға да қонды. Экипаж барлығын жоғары деңгейде жасады! Бұған дейін мен Дубайға басқа әуе желілерімен ұшып келген едім, біздің ұшқыштарымыздың  кәсіби деңгейі өте жоғары. Эвакуациялық рейстерде ең үздіктері жұмыс істейтін шығар. Барлығына адамгершілікпен қарап, түсіністік танытты.

Барлық келген адамды жабық аумақтағы санаторийге орналастырды. Ол жерде де жолаушыларды үлкен қамқорлықпен қарсы алды. Біз мұнда 14 күн карантинде боламыз. Тамақтары дәмді, барлық қажетті жағдай бар. Таңертең бәріміз  коронавирусқа тест тапсырдық. Тегін. Нәтижесі кешке белгілі болады деп  уәде берді, сол кезде ары қарай қалай әрекет ететіні түсінікті болады.

Қазақстанға деген көзқарасым өзгерді

Зарина шетелде жұмыс істеу тәжірибесі оның туған елі Қазақстанға деген көзқарасын өзгерткенін айтты.

— Менің түрікменстандық көршім болды. Олармен салыстырғанда Қазақстан дамыған ел, біздің жетістікке жетуге қажетті мүмкіндігіміз де,  тамаша мамандарымыз да бар. Барлығы бізге — билік пен қазақстандықтардың азаматтық ұстанымына байланысты.

Шынында қазақ ұлты өте ақылды, менің бұған күмәным жоқ

Мәселен, Эмиратта мұнай мен шөл даладан басқа ешнәрсе жоқ, тіпті ауыз су да жоқ. Бірақ олар бай ел. Ал сұлулық индустриясына орыс тілді, яғни ТМД-дан шыққан адамдарды алуға тырысады. Біздің көптеген табысты қазақтар БАӘ-де тұрады. Олар ең үздік шаштараздар, стилистер, визажистер, маникюр шеберлері.

Экономикалық дағдарыс

Зарина әмірліктегі жұмысына қайта орала алатынына сенімді емес. БАӘ-дегі туризм, сәнді индустрия барлығы зардап шекті дейді. Ол жұмыс істеген стартап қазір жабылып қалды. Бизнесті басқа араб елінен келген қыз басқарған. Сонымен қатар, компанияда филипиндер, арабтар, Шри-Ланкадан келген жігіт жұмыс істеген.

Зарина әзірге Қазақстаннан жұмыс іздемекші, бірақ келесі жылы  Эмиратқа ораламын деген үміттенеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз