Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Біреуі қыз екен”. Алматыда төменгі сыныптардан ақша жинаған 6 бала істі болды

“Қылмыс жасаған адам жасына қарамастан, сотталады. Сотталмас бұрын, тергеу изоляторына қамалып, жауапқа тартылады”.

Осылай деген құзырлы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері, оқушыларға уақытша тергеу изоляторын көрсетіп, оларға қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік берді.

“Мен бүгін тәртіпсіздіктің жақсылыққа апармайтынын тереңірек түсіндім. Қылмыс жасағандарды қамайтын мына жер тым қорқынышты, әрі суық екен. Мен адамдарға деген, қыдыруға деген пікірлерімді өзгерттім”, – дейді 8-сынып оқушысы Сабрина Төреева.

Бүгінгі күні Алматының тек бір ғана ауданында жасөспірімдер арасындағы 12 қылмыстық іс тіркеліп, оның төртеуі сотқа жеткен. Екі оқушы балалар колониясында жазасын өтеп жатыр.

Айта кету керек, жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып балаларынан “ақша бопсалау” дерегі көп мектепке тән жағдай. Тек шағымданушы болмағандықтан, іс қозғала бермейді. Ал, “ақша бопсалады” деген алты баланың ісі 2014 жылы тіркеліпті.

Кәмелетке толмаған оқушылардың ісі сотқа жетіп, оларға үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы шартты түрде кесілді. Прокуратура бұрынғы фактіні неге көтеріп отыр? Өйткені, бұл іс басқа оқушыларға сабақ болса деген пікірде. Себебі, ақша бопсалау – қай жаста да, қылмыс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз