Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі өзінің қалыпты образына қайта оралды
Бірақ бүгін Ақбота жаңа видео жариялады. Онда әнші бұрынғы образына қайта оралып, орамалын шешіп, жеңіл макияж жаққан. Әртіс видеоға
«Түсірілім», — деген қысқа пікір қалдырды.
Ақбота шынымен де түсірілім үшін орамалын шешкен де шығар, жалпы шығармашылықтың адамына діни ережелерге бағыну қиынға соғады. Олар тыңдармандарының назарын аудару үшін үнемі образын өзгертіп, жаңа кейіпте шығып отыруы керек.
Әнші видеоға пікір қалдыру мүмкіндігін жауып тастағандықтан, Сейтмағамбеттің әлеуметтік желідегі оқырмандары оның алдыңғы суреттеріне пікір қалдырды. Оларға әншінің бірде жабық киініп, бірде ашық-шашық образдағы суреттерін жариялағаны ұнамаса керек. Әншіге сыни пікір білдірушілер көп болды.
«Не істерін білмей жүрген әйел ғой», «Шыдамыңыз аз уақытқа ғана жетті ғой. Хиджабыңызды шешкеніңіз, сіздің қандай адам екеніңізден хабар береді», «Орамалмен ойнап болдыңыз ба? Шешіпсіз ғой», «Тек хайп үшін бе», деп пікір білдірді әншінің тыңдармандары
Естеріңізге сала кетейік, Сейтмағамбет дін жолына түскеннен кейін алдыңғы суреттерін өшіріп тастаған еді. Instagram-ын толық тазартып, орамал және хиджабтағы суреттерін жариялай бастады. Бүгінге дейін, үш апта бойы солай болды.