Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
463
0.00
EUR
494
0.00
RUB
5.99
0.00

Бір жылда тұрғын үйге сұраныс екі есе, ал бағалар үш есе өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінде 50 364 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері тіркелген. Тамыз айымен салыстырғанда мәмілелер көлемі 3,9 мың бірлікке немесе 8,4%-ға ұлғайды. 2020 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда өсу неғұрлым елеулі – 15 мың мәміле немесе 42,4%.

Жалпы, 2021 жылдың тоғыз айында қазақстандықтар 420,5 мың үй мен пәтер сатып алған. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сұраныс екі есеге жуық — 97,4%-ға өсті. Оның үстіне, үш тоқсанда тұрғын үймен жасалған мәмілелер 2020 жылға қарағанда 36,4%-ға артық.

Ең жоғары сұраныс Алматыда

Тамыз айымен салыстырғанда мәмілелер санының өсуі 14 өңірде байқалады. Ең көп белсенділік — Нұр-Сұлтанда. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша мұнда 6 962 сатып алу-сату мәмілелері тіркелді. Бұл 1 126 бірлікке немесе алдыңғы айдың деңгейінен 19,3% артық. Бірақ мұндай өсімге қарамастан, елорда Алматыдан жеңіліп қалды, онда қыркүйек айында 7 438 сатылым рәсімделді.

Бір айда сату саны азайған аймақтар:

Ақмола облысы — 4,6%-ға (немесе 91 бірлік), 1 866 бірлікке дейін
Түркістан облысы — 1,85 (немесе 30 бірлікке), 1 643 бірлікке дейін
Солтүстік Қазақстан облысы — 9,1%-ға (немесе 89 бірлікке), 894 бірлікке дейін

2020 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда барлық аймақта сату өсті. Алайда қарқыны әр жерде әрқалай. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда сату 3,6%-ға ғана өсті; Маңғыстау облысында – 2,4 есе.

Бағалар әлі өсіп жатыр

Ресми мәліметтерге сәйкес, қыркүйекте жаңа ғимараттардағы бір шаршы метрдің орташа құны 0,7%-ға өсті. Осылайша, жаңа үйлер бағасы қыркүйекте 17-ші ай қатарынан өсіп келеді. Соңғы “үзіліс” 2020 жылдың сәуірінде болды, ол жаппай локдаунмен есте қалды.

Сонымен қатар, сол кезеңде қайталама нарықтағы тұрғын үй де қымбаттамаған болатын. 2021 жылдың қыркүйегінде ол 1%-ға артты — бұл соңғы айлардағы орташа көрсеткіш. Соңғы 12 айда қайталама нарықтағы үйлердің бағасы 24%-ға; 9 айда (яғни жыл басынан бері) — 18,2%-ға өсті.

Жалға беруге келетін болсақ, мұнда бағаның өсу қарқыны тамыз деңгейіне (3,1%) қатысты төмендегенімен, әлі де жоғары болып қала береді. Қыркүйекте жалдаудың бір шаршы метрінің орташа құны Қазақстан бойынша 2,5%-ға өсті. Тарифтер тұрғын үй құнының жалпы өсуінен ғана емес, сонымен қатар студенттер тарапынан өсіп келе жатқан сұранысын да артып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз