Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Бір түндік келіншек». Күйеуінен өш алатын әйел

211

Осылайша кешкісін кездесіп, отбасылы Думанның үйінде отырдық. Мәз-мейрам болып, түн жарымынан соң Нұрлан жүретін қызын ертіп үшеуіміз далаға шықтық. Кафеге бардық. Біршама уақыттан соң Думан келді, жанында бейтаныс екі қыз бар. Әйелін, баласын тастап “жігіттермен боламын” деп келген сыңайлы. Қыздардың бірі Думанның курстасы екен, ажырасқан, бір баласы бар. Ал Әсел оның құрбысы.

Кафелетіп болған соң үш бөлмелі пәтер жалдадық.

Жұп-жұбымызбен бір-бір бөлмеден иеленіп алдық.

Менің жанымдағы қыздың жасы менен бірер жас үлкен екен. Дегенмен аздап ұрттаған шараптың әсерінен бе, Әсел өзін еркін ұстай бастады. Шалбарымның белдігіне жармасып, ирелеңдеп билей бастады. Еркек емеспін бе, нәпсімді тыя алмай, дереу іске кірістім.

Жуынып болған соң Әселмен біраз сөйлескім келді. Екеуіміз отырып, тағы да шарап іштік. Оның күйеуі бар екен. Тұрмысқа шыққанына 7 жыл болыпты. Және де соңғы бір айда күйеуі өзгеріп жүргенін айтты. Кей күндері тіпті үйге қонбайтын болыпты. Ұрыс шығарып, кетемін деп те айтыпты. Бірақ, әсер етер емес екен. Бүгін де жігіттермен моншаға барамыз деп кетіп қалыпты. Оған болады, маған неге болмайды екен дейді. Балаларымды ауылдан келіп жатқан енеме қалдырып, мен де құрбыларыммен көңіл көтеруге шыққанмын”, дейді.

Жылап отыр. Шараптың буы тарқаған тәрізді. Не дерімді білмедім. Шынымды айтсам, екі ойлы болып қалдым. Алдымда сыңсып отырған мына отбасылы келіншекке деген жек көрініш сезімі пайда болды.

Байы бір жақта, қатыны бір жақта, бір-бірін түсінуден қалған ерлі-зайыптылар.

Заман не болып бара жатыр? Еркектің жүргені мейлі, ал əйел адамның күйеуі бола тұра басқа еркекпен жүргені тіпті жиіркенішті!

Ақ төсектеріңді былғап, күнə жасап, не істеп жүр мына әйел?! Бір қария айтушы еді, «еркек жүрісін қанша жерден қой десең де қой алмайды, ал оған ерегесіп жүрген əйел — нағыз ақымақ!» деп.

Қайран, қазағымның қарақөз қыздары-ай, қайда кетіп барамыз?
https://kaz.365info.kz/k-jeuimni-k-zine-sh-p-salamyn-246658

Аяжан Төрехан

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз