Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Бір өзіне мәлім”. Илья, мұның қалай?

Ал Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2 жыл жарыстарға қатыспайтын болады. Спорттан шеттету туралы шешім 2016 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енеді.

Байқайсыз ба?

 

Біз Ресейге ұқсап барамыз. Ресей қандай өзі? Көршіміз өзінің өмірдегі әрбір сәтсіздігі мен бақытсыздығын бейшәра Обамадан көруші еді ғой. 

Иә, солай. Бірнәрсе бүліне қалса АҚШ-тан көретін. Әлі де көреді. Тек Трамп келді, Обаманың орнына. Бұдан кейін өзінің кемшілігі мен қателігін өзгелерден көру «дәстүрі» тыйылатын шығар.

Бұл «дәстүр» бізге жұғыпты бір қызығы. Жаманнан үйренетін болғанбыз ба, қалай өзі? Жиіркенетін дүние ғой, негізінде.

Дәл қазіргі жағдайда Қазақстан әлемдік саясатта ешкім емес. Жоқ, рас. Біз жаһандық өзгерістердің көрермені ғанамыз. Оған ықпал етер, оның арнасын өзгерте алар әлуетіміз аз. Сонда да болса сәтсіздіктерімізді сыртқы саясатқа сілтейтін жаман әдет тауыппыз.

https://kaz.365info.kz/osymen-bitti-auyratlet-podobedovaga-khatysty-sheshim-shykhty-261120

Солай емес пе, Илья? Барлығының атынан сөйлемейік. Біз кімбіз соншама?… Иә, сені, сөзсіз жақсы көретіндер де бар. Сынайтындар да жетіп артылады. Осы уақытқа дейін сені сыйлап, құрметтеп келген біз соңғыларының қатарына өттік, амалсыздан. Өкінішке орай, солай болып қалды.

Допинг сенің «аңыз адам» деген кейпіңді бұзды. Сенің бүлінбестей көрінгең болмысыңның тас-талқаны шықты, Илья.

Қазақтың жалауын ең көп желбіреткен батыр едің. Ал қазір кімсің? Алтындарыңды тартып алды. Алтынмен қоса, абыройың да кетті. Сенімен бірге біз де масқара болдық. Жоқ, шынымен. Қасықтап жинаған абыройымыз шелектеп төгілді.

Ал сен болсаң, сенің бапкерің болса, бұған саясатты кіналайды. Тағы да кінә іздеу. Өзінен емес, өзгеден. Демократиялық құндылықтарды басты орынға қоятын Батыс бізден әлдеқайда ілгері кеткен. Олар допинг қабылдаған өз спортшыларын да, өзгелерді де аямайды.

https://kaz.365info.kz/bejbit-ystybaev-dopingke-atysty-pikirin-bildirdi-213447

Кеше өмір бойы допинг қабылдап, допингтің арқасында әйгілі атанған велошабандоз Лэнс Армстронг туралы кино көрдік. «Допингпен ұсталған спортшы бірінші кезекте мұны қалай мойындамаудың амалын ойластырады. Мойындаса бітті. Бәрінен айырылады. Бәрінен…Мен ерлік жасадым. Мойындадым. Бірақ, бұл барлығының қолынан келмейді» депті.

Оны қойшы.

Күні кеше тағы масқара болдық. Американың беделді “Fox Sport» телеарнасы рұқсат етілмеген дәрілерді ең көп қолданатын мемлекеттердің тізімін түзіпті. Көш басында Ресей тұр. Ал одан кейін орында…бізбіз. Қазақстан. Осы тізімнің екінші орнында тұрмыз. Ұят-ай.

Теріскейдегі көршілер допинг дауынан кейін бірден 19 олимпиада медалін кері қайтарып берген екен. Ал одан кейінгі орынға 9 жүлдесінен айырылған Қазақстан орналасыпты. Міне, біз әлемге осылай танылып жатырмыз. Борат, допинг тағы не?..

Илья, ендігі жерде сені әйгілі деп атауға бола ма, айтшы?

 

Сен екі бірдей алтыныңды қайтарып бердің. Бейжің мен Лондондағы жүлдемізден айырылдық.

Сені бір емес, екі рет тексердік. Екі ретінде қаныңнан допинг табылып отыр. Айтшы, АҚШ пен Батыстың бізден ала алмай жүрген кегі жоқ шығар?

Айналып келгенде өзіміз үшін өкінеміз. Сен алтын алып, әнұран шырқалған сәтте көзімізден жас парлап еді. Біз шын жыладық. Шын қуандық. Ал қазір көрермен, жанкүйер ретінде алданып қалған сияқтымыз. Алтынымыз қайда, абыройымыз қайда?

Илья, сен осыдан бірнеше жыл бұрын өзіңе жанкүйерлік еткен миллиондаған қазақты алдады дегенге сенгіміз келмейді. Бірақ, амал қайсы…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз