Әлеуметтік желіде “Боямасыз өмір” деген тақырыпқа келетін бір жанның жазбасы көптің көңілін қозғауда.
Қазақтың апасы мен жас отбасы туралы қысқа ғана жазба екен, екеуі де жүректі жылытар жаңалыққа толы болғанымен, астарында зар запыран жатыр. Өздеріңіз оқып көріңіздер…
“Таңертең 65 маршрутқа бір апа мінді. Кондукторға қояр да қоймай 200 теңге беріп кетті.
“Əдемі, тап-таза автобус екен”, – деп сондай риза кейіппен жоғарыға, орындықтарға аялай қарайды. Зейнетақыға қарап отырған қарапайым ғана апа. Жаңа автобусқа мінген сайын əр кондукторға осылай көрімдік беріп жүр екен.
Мұндай адамдар барда өмір деген жып-жылы ғой.
Кешке бір қазақтың баспаналы болғанын естідім. Қуандық.
Бірақ мемлекеттік бағдарламамен үй алу үшін заң жүзінде ажырасыпты. Жалғызбасты аналарға кезек тез келеді екен.
Неке деген қасиетті сияқты еді. “Жас қанаттың” 39 кв метріне зар қылған заман-ай…” деп жазды Facebook қолданушысы Жадыра Нармаханова.