Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бір қазақ спортшысы Америкада Конор МакГрегор болып жүр (видео)

Қазақстандық бетіне грим жасап, уақытша татуировка салып, шаш үлгісін өзгерткен. Ол Bentley кабриолетімен Лос-Анджелес көшелерінде жүріп, жұртты таңғалдырды. Адамдар пранкермен суретке түсіп, шын көңілімен қуанған. Сосын Бадургов ирландиялық жиі келетін Родео-драйв көшесіне барып, жанына көптеген адам жинап, суретке түседі. Қазір ролик видеохостинг пен әлеуметтік желілерде көптеп қаралым жинап жатыр.

Ал Ислам Бадурговтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл материалдың 50 мыңнан аса қаралым жинағанын атап өтті.

“Мұның алдындағы пранк 40 миллион рет қаралды. Көбі мені Конорға ұқсайсың деп жатты, сондықтан осы жолы пранк өздігінен шыға келді. Лос-Анджелесте, тіпті UFC әлемінде шу шығарды. Конор, сен ұлы файтерсің, көптеген адамға шабыт сыйлайсың, сондықтан бұл пранкты Флойд Мейвезермен алдағы жекпе-жегіңе арнаймыз. Ал сенің жеңіске жететініңе күмәніміз жоқ”, – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз