Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Білім саласында қол жеткізген жетістіктер мен атқарылар жұмыстар талқыланды

Кездесу барысында білім саласында қол жеткізген жетістіктер мен атқарылар жұмыстарға тоқталып өтті.

Ж.Тазабекұлы «Барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету қаланы одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. COVID-19 пандемиясы білім беру жүйесін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде 30 мыңнан астам мектеп оқушылары мен ЖОО-ның 10 мың студенті, ТжКБ жүйесінің оқушылары оқытудың жаңа қашықтан оқыту форматына көшті. Осынау ахуалға қарамастан оңтайлы шаруалар атқарылды. Алдағы уақытта да білім беру сапасын арттыруға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға баса назар аударылатын болады»– деді.

«Nur Otan» партиясы аталмыш салада бірқатар  маңызды міндеттерді алға тартады. Заманауи қашықтан оқыту технологияларын енгізу, жаңа талаптарға сәйкес педагогтерді оқыту, мектепке дейінгі білімберуде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% қамтуға және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 85% – ға дейін ұлғайтуға қол жеткізу, бастауышсынып оқушыларын кезең-кезеңмен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп оқушыларының, күндізгі оқыту бөліміндегі колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруін сақтау, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету сынды өзекті жұмыстар атқарылатын болады.

Сонымен қатар, IT  мамандар дайындаубойынша 300 орындық мамандандырылған ІТ– мектеп-интернаты, мектеп оқушыларының демалуы мен сауығуы үшін 150 орынды қала сыртынан лагерь салынып, 7 мектеп пен 5 балабақша ғимаратына жөндеу жұмысы жүргізіледі. Оқушылар мен жастар үшін Оқушылар сарайы базасында робототехника, бағдарламалау және физика салаларында зерттеулер жүргізу үшін «Fab-Lab инновациялық зертханасы» жобасын енгізу және дамыту көзделуде.

Nur Otan” партиясы Талдықорған қалалық сайлау қорының қаражатынын төленді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз