Білім және ғылым министрлігі оқушыларға арналған телесабақтардың неге үйреншікті 45 минуттың орнына 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді.
“Педагогтар әдістемелік құралдарды алды және оқу форматын ұйымдастырауға қатысты біздің нұсқауларды біледі —
дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова. Оның сөзіне inform.kz сілтеме береді. —
Ең алдымен, оқушылар видеоны көреді. Бірақ бұл сабақ пен оқу материалы тек 10 минуттық роликтен тұрады дегенді білдірмейді.
Сабақты көргеннен кейін мұғалім оқушылармен жеке жұмыс істейді. Видеоға қосымша ретінде мұғалім платформадағы қол жетімді сандық білім беру ресурсына сілтеме жасай алады.
Видео-сабақты көргеннен кейін оқулықтың параграфтары бойынша оқушының өз бетінше орындап, оқуына арналған тапсырмалар беріледі. Оқулықтың құрылымында да ең алдымен жаңа тақырыпқа қатысты материал беріледі, одан кейін сол тақырыпты бекітуге арналған тапсырмаларды (жаттығулар, есептер, тесттер және бақылау сұрақтары) орындайды. Педагогтар мұны жақсы біледі.
Оқушы мұғалімнен өткен материалды бекіту туралы ұсыныстар алады, яғни мұғалім де, оқушы да сабақ құрылымын біледі. Сабақ тек 10 минуттық видеодан тұрмайды, оның жалғасы бар.
Тапсырмалар берілгеннен кейін мұғалім оқушымен кері байланыс орнатады, — ол оқушының тапсырманы қалай орындағанын, оны қаншалықты игергенін қайда көмек қажет екенін анықтайды. Қашықтан оқыту форматмен оқу барысында біздің балаларымыз еңбектеніп, үлкен жұмыс атқаруы керек”.