Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Білім министрлігі 5-сынып оқулығына қатысты сынға жауап берді

«Ольга Бутко атты желі қолданушысы өзінің Facebook-аккаунтында кітаптағы №15 есеп «интернеттен көшірілген» деп жазды. «Тіпті сандарды да өзгертпеген!» – деп ашуланады автор. Аккаунт иесінің айтуынша, оқулықты құрастырушылар біреудің еңбегін пайдаланғанымен қоймай, қаламақы да алып отыр. Автордың атына айтылған бұл сынның жаны бар секілді болып көрінеді», делінген хабарламада.

Ведомство жауабындағы мәліметтерге сүйенсек, Бутконың жазбасында оқулықтың беті мен аталған есептің скриншоты берілген. Ол 2015 жылы интернет ресрустардың бірінде жарияланған да. Алайда, автор асығыс пікір білдірген. №15 есеп 2015 жылы басылған математика оқулығынан алынғаны рас. (ол есеп кітаптың 9 бетінде №23 есеп деп берілгені бейнеленген). Ал Т. Алдамұратова – сол математика ғана емес, қазіргі жаңарған математиканың да авторы. Яғни кітап авторы ретінде өзінің ең сәтті жұмысын қайта басылған кітапта пайдалануға толық құқы бар.

Сондай-ақ, жауап жазбада Т. Алдамұратованың бесінші сыныпқа арналған математика оқулығы алғаш рет 2001 жылы басылған. Оқу құралы 4 рет қайта басылғаны, 2017 жылғы басылым кезінде оқулық мазмұны жаңартылған бағдарламаға сай өзгертілгені айтылады.

Сондықтан да есеп еш өзгерместен жаңа оқу құралына енген екен. Ольга Бутконың постын мына жерден көруге болады.
inform.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз