Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Білім министрлері мен барон Мюнгхаузеннің қандай байланысы бар? — Сабиров

145
Шавкат Сабиров, сурет radiotochka.kz сайтынан алынды

Есеп комитеті Білім министрлігінің шығынын тексеру жұмысын бастады. Нақты айтқанда, республикалық бюджеттен орта білім беруді цифрландыруға бөлінген 27 млрд теңге туралы сөз болып отыр.

Қазақстанның Интернет ассоциациясының басшысы Шавкат Сабиров бұл бағыттағы жұмысқа қанағаттанарлық деген баға берді. Бірақ бұл  ірі қалаларға ғана қатысты, қалған аумақтардағы жағдай әлдеқайда нашар.

Қазақтелеком жүктелген міндетін орындай алмады

— Шавкат Омарұлы, елдегі цифрландыру деңгейін қалай бағалайсыз?

— Мен қанағаттанарлық деп айтар едім. Жақсы емес, бірақ үшке бағалауға болады. Алайда, бұл тек инфрақұрылымы дамыған, Интернетке қол жеткізу оңай, барлық жерде оптика бар ірі қалаларға ғана қатысты. Дегенмен

Қашықтан оқытудың алғашқы күндері байланыс арналары шектен тыс көп қолдану жүктемесіне төтеп бере алмайтынын бірден көрсетті

Миллиондаған бала интернетке кіріп, олардың көпшілігі ең «ауыр» контент  — видеомен жұмыс істей бастады. Арналарды кеңейту керек екені белгілі болды. Бірақ бұл білім Министрлігінің емес, біздің ұлттық оператор — Қазақтелекомның проблемасы. Ол еркін және оңай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кең арналарды қамтамасыз етуі керек.

Өкінішке орай, аймақтардағы жағдай өте жақсы емес. Қазақстан аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел, ал халқы бар болғаны 18 млн. Бірде-бір интернет-провайдер Семейден 500 шақырым жерде орналасқан қандай да бір ауылға байланыс арналарын тартпайтыны түсінікті, өйткені коммерциялық тұрғыдан алғанда бұл мүлдем тиімсіз. Алайда

ұлттық оператор үшін субсидиялау бағдарламасы бар,

ол еліміздің барлық азаматын сапалы байланыспен қамтып,  Интернетті қолжетімді етуі керек. Байланыс орнатса, мемлекет шығынды өтейді. Әлемде бұл қалыпты тәжірибе. Өкінішке орай, бұл барлық жерде жүзеге асырылмайды. Алматыдан Талғарға қарай біраз шақырым жүргеннен кейінгі ауылдарда байланыс жоғалып кетеді. Сигналды ұстау үшін төбеге көтерілу керек. Интернетте осындай ауыл тұрғындары — ата-аналардың шағымы үнемі естіледі.

Он жыл бойы айтылып, мезі қылған әңгіме

— Бұл еліміздегі жалғыз жағдай емес. Өңірлердегі бұрынғы байланыс онлайн-оқыту жүктемесіне төтеп бере алмады. Нәтижесінде біз әлі де «теледидардан» білім аламыз, яғни теледидар «мұғалім-оқушы» арнасын қамтамасыз етеді. WhatsАpp кері  «оқушы-мұғалім» арнасын қамтамасыз етеді, балалар үй тапсырмаларын мұғалімдерге жібереді. Қазақстан үшін бұл қолайсыз және сұмдық жағдай деп санаймын.

Біз цифрландыру туралы он жылдан астам уақыт бойы айтып келеміз, бірақ қашан болсын пайдаланушылардың көбейіп кеткенін айтып шағымданамыз. Мен бұған дейін бұл топ-менеджменттің немқұрайлылығы, тіпті жауапсыздығы екенін атап өткен едім. Аты дардай топ-менеджерлер бірнеше жыл кейінгі жағдайды болжап жұмыс істейтін ми болуы керек. Қазақтелеком жүктеменің тек арта түсетінін, яғни арналарды кеңейту керек екенін түсіну керек. Білім министрлігі ғылым мен техниканың күн санап дамып жатқанын ескеріп,

білім беруді цифрландыру ауыл мен қала мектебіндегі оқу процесін цифрландыру екенін түсіну керек

Мен айтудан шаршадым, бірақ бізде заң деңгейінде онлайн-білім беру әлі заңдастырылмаған, тек министрдің бұйрығы бар. Қашықтан оқыту бар, бірақ бұл мүлдем басқа. Карантин кезінде бұл өзгерістерді заң жүзінде жүргізу керек еді. Сондай-ақ, 2005-2006 жылдары барлық мемлекеттік қызметті заңдастырғандай, онлайн-білім беруді  де заңдастыру керек еді. Содан бері принтерде басып шығарылған электрондық үкімет құжаты мемлекеттік ресми анықтамаға теңестіріледі. Бұл үшін әлемдік тәжірибені зерделеудің және кеңестер өткізудің қажеті жоқ, жай ғана алып, өз тәжірибемізге қолдану керек.

Кеңестер өткізілуде, бірақ еш нәтиже жоқ

— Алайда қазір жиналыстар карантинге дейінгі кезеңге қарағанда әлдеқайда көбірек өткізілуде. Басқасы басқа, бірақ жиналыс өткізуде алдымызға жан салмаймыз. Бірақ бұл кездесулердің нәтижесі байқалмайды.

Оқу жылының басталуына екі апта қалғанда 10 балдық бағалау жүйесі енгізілді

Екі аптаның ішінде! Не үшін? Қазір мұғалімдер мен мектеп оқушылары  ата-аналармен бірге балаға жоғары не төмен баға қойылғанын есептеп әлек.

— Қазір бірінші кезекте не істеу керек? Күшімізді қайда бағыттауымыз керек?

Цифрландыруда «жүйе» деген ұғым бар. АТ саласында «жүйе» деген сөзсіз ештеңе жұмыс істемейді. Сондықтан мұнда жүйелі шаралар болуы керек. Жүйелі мемлекеттік іс-шаралар қажет, ал ҚР БҒМ  нақты істердің бастамашысы болуы тиіс. Уәкілетті орган білім беру салаларын құқықтық алаңмен қамтамасыз етуге, мемлекеттік жеке әріптестіктің жұмысқа қабілетті нұсқасын жасауға тиіс. Олар ведомствоаралық топты жиналыс үшін емес, жедел жұмыс үшін  құруы керек.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) байланыс операторларымен, қызмет провайдерлерінің көмегімен жұмыстың технологиялық бөлігін қамтамасыз етеді, оқушылардың  бірнеше сайтты пайдалануына, соның ішінде бүкіл беру білім цикліне арналған арнайы тарифтер жасайды. Біздің елімізде білім әлі де тегін екенін естен шығармау керек. АҚДМ оқушылардың БАҚ және ТВ-ға ұжымдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Білім және ғылым министрлігі онлайн-платформаларды ұсына алатын бүкіл қазақстандық бизнесті өзінің айналасына біріктіруі тиіс. Бәрін бірнеше рет жасауға болатын еді. Бірақ алты ай бойы өткізілген кездесулерден кейін жұмыстың нақты нәтижесін ешкім сұраған жоқ.  Қазіргі

білім беру саласындағы жағдай маған Барон Мунчаузенді еске түсіреді

ол түске дейін аспандағы бұлттарды таратып, кешке дейін ерлік жасауды жоспарлайды.

— Ал сіз білім беруді цифрландыруға қандай сома бөлінетінін бақылап көрдіңіз бе? Бәлкім ведомствоға қаржы жетіспей жатқан шығар?

— Білім министрлігінің бюджеті өте үлкен екенін білемін, бірақ Білім және ғылым министрлігінің қаражаттың тапшылығын айтып, шағымданғаны есімде жоқ.

Бір апта бұрын БҒМ орта білім беруді жаңғырту үшін Дүниежүзілік банктен 2017 жылы алынған  67 миллион долларды қайтарып берді.

Басқа қосарым жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз