Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Білім министрі Сағадиев неге ешкіммен ақылдаспайды?

05d0949a632607f9890ccb10d3f54dac

Әбдіжәлел Бәкір

Нақтырақ айтсақ, еңбек, сурет, дене шынықтыру және музыка пәндерін алдағы уақытта бір ғана ұстаз жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, министр математика, физика, химия, биология сынды пәндерді біріктіріп «ботқа» жасамақ. Бұл аз десеңіз, ол Қазақстан тарихын жағрафиямен жақындастырып, қазақ тілі мен әдебиетті «татуластырмақшы» болып отыр.

Министрдің айтуынша, бағдарламаға сәйкес жоғары оқу орындарына да талап өзгереді. Енді педагогикалық университеттер мамандарды бұрынғыдай жеке-жеке емес, бірнеше пәнді меңгерген әмбебап ұстаз ретінде дайындауы тиіс.

Алайда «жаңашыл» басшының бастамасына үзілді-кесілді қарсы болып отырған азаматтар да баршылық. Солардың бірі – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір. Саясаттанушы бірнеше пәнді бір мұғалімнің мойнына жүктеп қою дұрыс емес деген пікірде.

Шын мәнінде, әр пәннің өзіне тән негізгі құндылықтары болады. Мәселен, бір адам бір немесе екі пәннің білікті маманы болуы мүмкін. Алайда бір адам, ол қандай мықты ұстаз болса да, бірнеше пәнді қатар жоғары деңгейде меңгере алмайды ғой. Сондықтан да министрдің бұл бастамасына қарсымын. Бұл бір. Екіншіден, министр Ыбырай Алтынсарин атындағы Білім академиясының мамандарынан бастап мектеп мүғалімдеріне дейін ақылдасып алуы керек болатын. Өкінішке қарай, ол білікті ұстаздардың пікірін білуге құлық танытып отырған жоқ.

Өз басым Ерлан Кенжеғалиұлының Министрлер үйінің 6 қабатында отырып реформа жүргізуіне қарсымын,

дейді саясаттанушы.

«Министрлер қазақтың тілін білмейді!»

Әбдіжәлел Бәкір 24 наурыз күні Ерлан Сағадиевтың атына арнайы хат жазғанын, алайда министрден ешқандай жауап болмағанын айтады. Өйткені Әбдіжәлел Бәкір –

«қазіргі министрлер орыс пен ағылшын тілін жақсы білгенімен, қазақтың тілін білмейді»,

деген пікірде. Ал қазақ тілін білмеген министр ұлттың мінез-құлқы мен өмір-салтына жүрдім бардым қарайды.

Мәселен қазақ тілі мен әдебиетін біріктіріп бір пән етуге болмайды. Өйткені тілдің қызметі бөлек, ал әдебиеттің міндеті мүлде басқа. Екеуі екі бөлек ілім. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиетін біріктіріп бір пән етуге болмайды. Айталық, бір ғана саясаттану ғылымынан 25 түрлі маман дайындайды. Барлық мамандық қоғамдық ғылымдар ғой деп 25 мамандықты бір адамға жүктеп қоюға болмайды. Мысалы, мен саясаттану ғылымдарынан доктор, ал әлеуметтанудан профессормын. Сол себепті саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттанудан, дінтанудан сабақ бере аламын. Бірақ мен тарих сынды өзге де пәндерден сабақ бере алмаймын. Өйткені әр ғылымды терең зерттеп барып сабақ беру керек, – дейді Әбдіжәлел Бәкір.

Саясаттанушы білім саласына қажетті реформаны білікті мамандармен ақылдасып, асықпай жасаған дұрыс деп есептейді. Алайда Ерлан Кенжеғалиұлы білікті мамандармен ақылдаспай, ел жұртты шулатуын тоқтатар емес. Өкінішке қарай, министрдің негізсіз бастамалары мыңдаған оқушының білімсіз болып шығуына түрткі болуы мүмкін.

13ывывпвыпвыв

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз