Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

183

Білім беру гранттарына ие болған түлектердің аты-жөндері белгілі болды. Тізімді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Тізімді мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау бойынша республикалық байқау комиссиясы өз жұмысын аяқтады.

Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығы, қоғамдық бірлестіктер, ҚР БҒМ Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің, педагогикалық қауымдастықтың өкілдері кірді.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биыл білім гранттары білім бағдарламасының топтары бойынша берілген. Жоғары оқу орнына түсер кезінде түлек алдағы білімі үшін нақты білім бағдарламасын таңдайды.

2019-2020 оқу жылына 53 785 грант берілген.

Мемлекеттік тапсырыстың 47 пайыздан көбі инженер, өңдеу және құрылыс салалары мен IT-технологияға қарастырылған. 8276 грант – педагогика ғылымына, 4088 – грант жаратылыстану ғылымы математика мен статистикаға, 2200 грант – қызмет көрсету мамандықтарына, 1615 грант – өнер мен гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант – ауыл шаруашылығы мен ветеринарияға, 2183 грант әлеуметтік ғылым, бизнес пен экономикаға берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз