Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Билік тармақтары арасындағы өкілеттік бөлінеді

11-қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков басқарады.

Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси жүйесінде өзгерістердің болуы – президенттің, үкіметтің және парламенттің өкілеттіктерінің қайта бөлінуінің мүмкіндігі туралы бірнеше дүркін айтқан болатын.

2015 жылы Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов өкілеттіктерді қайта бөлу ел Конституциясына өзгерістер енгізуді талап ететінін түсіндірген еді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз