Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Билік енді қазаққа бет бұруы керек». Әзімбай Ғалидың Елбасыға ашық хаты

122

Олар алдымен Ұлттық доктринаны ойлап шығарды. Аты тәуір болғанымен, бұл доктрина да – шала дайындалған ілім болып шықты. Одан кейін қазақстандық ұлт дегенді шығарды. Онысы қазақ ұлтын жоя жаздады. Қазақ деген ұлт болмаса – қазақ тілі қайдан болады? Латын әліпбиіне өтпек болды. Өзбекстан, Түркіменстан жасай алмаған реформаларды жасамақ болды. Ақыры ойлап тапқаны – «үш тұғырлы» тіл болды. Олар уақытша реформаларды ұсынады – нағыз керек реформаны жасамау үшін осылай жалған реформа жасай тұрмақ.

Бірде мені Астанада министр шақырды. Бір керемет жобалар ұсынар ма десем, ол маған: «Әзімбай, Олжасқа тиіспеші», дейді. Оны барша қазақ жек көрсе, мен қалай араша боламын дедім де, құрқол қайттым.

image32610

Нұреке, сіз мұндай кәсіби шалалыққа қалай төзесіз? Саны бар, сапасы жоқ саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен тарихшыларымыз ғылым әлемінде мүлдем белгісіз. Солардың салдарынан сіз шынайы ақпарат ала алмай келесіз. Өңкей орысшыл бірдеме. Бұл істі бір аршысаңыз – көзіңіз жетеді.

Қазақтың бір лауазымды ғалымсымағы шетелге баяндама жасауға бара жатып, шетелдің кеденінде «еркексіз бе, әйелсіз бе», деген анкета сұрағына жауап бере алмай, кеденшілерді қатты күлдірген.

Ондай ғалымдар шетелде туалет таба алмай масқара болады.

Мен талай шала-ғалымдармен қызметтес болдым, бірге жұмыс істеуіме тура келген. Қазір солардың біразының қызметі жоғарылады. Кешегі жер дауында біздің сансыз саясаттанушыларымыз халыққа ештеме түсіндіріп бере алмады. Біз өткен дағдарыстан президенттің интуициясы мен икемділігінің арқасында шықтық.

Қазаққа не керек?

Құрметті Президент, мен кадрлық саясатқа араласпай-ақ қояйын: Сізге онсыз да «ананы ал, мынаны қой», деушілер көп шығар. Тек кадрлардың сапасы туралы айтамын – оңы мен терісін өзіңіз біліңіз.

Құрметті Президент, жоғарыда айтылған топастар, шала-ақылгөйлер сіздің де, еліміздің де түбіне жетеді. Қазіргі саясаттану мен әлеуметтанудағы ең негізгі объект және саяси субъект – ол қазақтар. Сондықтан қазаққа бет бұру керек!

Құрметпен, Әзімбайың»,

– делінеді бұл хатта.

1_8106667

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз