Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

БҒМ: 2020 жылы инклюзивті білім беруге 100 процент жағдай жасалады

134

Конференция барысында сала мамандары инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды.

БҒМ Инклюзивті және арнайы білім беру саласының басқарма басшысы Күдеринова Әйгерім Мерекеқызының айтуынша, елімізде арнайы білім беру саласы дамып келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балалармен бірге бір мектепте оқи алады. Мектептердің 55 проценті, балабақшалардың 15-інда инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.

«Бүгінгі шараның мақсаты шетелден келген әріптестерімізбен тәжірибе алмасу, ғылыми-практикалық ізденісті дамыту. Сондықтан осындай шаралар – біз үшін өте маңызды.

Республика бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны 140 мыңнан астам. Осы балалардың ішінде 43 мыңы мектепке дейінгі, ал 97 мыңы – мектеп жасындағы балалар.

Білім саласын дамытудағы мемлекеттік бағдарлама бойынша 2019 жылы 70 процент мектеп пен 30 процент балабақшаларымызда мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау қарастырылған», – деп атап өтті Күдеринова Әйгерім.

Сондай-ақ, оның айтуынша қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру методикасы әлі де жасалып жатыр. Осындай конференциялардың өтуімен ғалымдар, практиктер зерттеулер жасап сала жұмысын дамытуда.

«Бізде арнайы білім саласы 20 жыл бойы қолға алынып келе жатыр. Инклюзивті білім беру методикасын жасауда Ресей, Белорусь елдерімен тығыз байланыстамыз, сондай-ақ, Латвия, Литва, елдеріне барып тәжірибе алмастық.

Қазір біздің ғалымдар Франция, Италия, АҚШ тәжірибесін зерттеп жатыр», – деді Инклюзивті және арнайы білім беру саласының басқарма басшысы Күдеринова Әйгерім.

Сонымен қатар, БҒМ өкілінің мәліметінше инклюзивті білім беруде халықаралық мамандармен тәжірибе алмасып, дамытудың нәтижесінде 2020 жылы арнайы білім беруге жағдай жасалған мектептердің көрсеткішін 100 процентке жеткізу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз